Атырау, 24 қараша 20:44
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өз мүддесін қорғап шықты

2 009 просмотра

Биылғы жылдың қаңтарында «АЖ» ТШО мен Аджип ККО объектілеріне қызмет көрсететін «КСБ Групп» ЖШС күзет компаниясында қалыптасқан ахуал туралы жазған еді. Фирма күзетшісі Азамат ЕСМҰҚАЕВ өзі секілді басқа қаладан келіп жұмыс жасап жүрген жұмысшылардың атынан өздерін баспанамен қамтамасыз етпейді, жолақыларды төлемейді  деп, еңбек құқықтарының бұзылуына жұмыс берушіні айыптаған болатын.  Облыстық еңбек департаменті жүргізген тексеру жұмыстары осы фактілерді растаған еді, соған қарамастан күзетші жұмыстан шығарылды.

Жұмыстан босағаннан кейін А. Есмұқаев жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта алыну, мәжбүрлі түрде жұмысқа жіберілмеген уақыт ішіндегі еңбекақысын және жолақы шығындарын өндіріп алу туралы «КСБ Групп» ЖШС-нің үстінен талап-арыз береді.

Атырау қалалық сотының 2012 жылғы 6 сәуірдегі шешімімен талап-арыз ішінара қанағаттандырылады. Сот жұмыс берушіден жолақы шығындарын өндіруге қаулы шығарған, ал басқа талап-арыздарын қанағаттандырудан бас тартқан.

Биылғы жылдың 25 мамырында Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасы сот шешімін өзгертіп, күзетшіні жұмыстан заңсыз босатқан деп таныды. Сот жұмыс берушіге Есмұқаевты «КСБ-Групптағы» бұрынғы супервайзер лауазымына қайта жұмысқа алып, мәжбүрлі түрде жұмысқа жіберілмеген уақыты ішіндегі 431 834 теңге жалақысын және 12 955 теңге мөлшерінде мемлекет кірісіне баж салығын төлеуге қаулы шығарады. Алайда жауапкер соттың бұл шешімімен келіспей, сот алқасына кассациялық шағым жолдайды.

Биылғы жылдың 10 шілдесінде Атырау облыстық сотының кассациялық сот алқасы шағымда айтылған дәлелдерді негізсіз деп есептеп, оны қанағаттандырусыз қалдырды.

«КСБ Групп» ЖШС бас директоры Нұрлан АХМЕТКЕРЕЕВ қол қойған 2012 жылғы 31 тамыздағы №1207 бұйрыққа сәйкес, бұдан бұрынғы А. Есмұқаевтың еңбек келісім-шартын бұзғандығы туралы бұйрық заңсыз деп танылып, оның өзі супервайзер лауазымына қайта жұмысқа қабылданды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

5 қыркүйек 2012, 21:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.