INFORMBURO.KZ. «Ақпараттық соғыста Қытай неге ұтылып жатыр? Қазақстанға одан пайда бар ма?» - Қытайдың саяси және экономикалық жағдайы. Қытай кімнен қорқады? Қырғызстан Қытай билігіне қарсы шықты. Бізде ол мүмкін бе?
«Мемлекеттен тегін дәрілерді кімдер, қандай жағдайда ала алады?» - Тегін дәрілерді алудың белгіленген тәртібі бар. Олар қандай жағдайда, кімдерге беріледі?
ABAI.KZ. «Қазақ ақшасына кімдер қожайын?» - 2018 жылдың статистикасымен сөйлейміз. Қазір Қазақстанда халық саны 18,2 миллион адамды құрапты. Соның ішінде 59 пайызы ғана еңбекке жарамды екен. Және 1 миллионнан астам зейнеткер бар. Ал Қазақстанда 5 миллионнан астам адам екінші деңгейлі банктерге берешек. Оның және 1,5 миллионы қарызын қайтара алмай жүр.
ZHASALASH.KZ. «Ленинград блокадасына 75 жыл: Қан-қасапқа Сталин кінәлі» - 27-қаңтар күні Ленинград блокадасының аяқталғанына 75 жыл толды. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында Ресей Федерациясы елшілігінің қатысуымен шара өтті.
«Қазақстан футболы ақша шашудан озып тұр» - Легионерлерге беретін қаржы жағынан Қазақстан әлемде 17-орында тұр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша футбол клубтары ойыншылардың жалақысына ғана 63 миллион еуро жұмсаған. Бұл туралы Еуразия арнасы хабарлады.
«Азаматхан Әміртай, экономист: Қаржы саласы мафияға айналған» - Назарларыңызға экономист Азаматхан Әміртаймен болған сұхбатты ұсынамыз. Сұхбатты жүргізген журналист Оралхан Дәуіт. Экономист елдегі экономикалық жағдайды, қаржы саласы мен орта және шағын бизнес хақында ой өрбітеді. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер сөз болды.
TURKYSTAN.KZ. «”Túrkistan” газетінің негізін қалағандар» - «Тәуелсіздік туын көтеріп, өркениет көшіне батыл бет бұрған жас республикамызда халықаралық жаңа бір басылымның жарық көруі мәдени өміріміздегі елеулі оқиғалардың бірі.