Атырау, 18 желтоқсан 23:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Президент немересінің тосын жазбасы" таңғалдырды», «Сырттай сотталған саясаткерлер», «Soros: Қытай басшысы дүние жүзіндегі еркіндікке қорқыныш әкеледі», «Ықтияр хат пен азаматтық арасындағы сергелдең», «Біз неге Африка құрлы мал өсіре алмай отырмыз?».

2 979 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"Президент немересінің тосын жазбасы" таңғалдырды» - Осы аптада Батыс баспасөзі Назарбаевтың немересі "Айсұлтан жазды" деген Facebook-тегі “тосын пост” пен “Цеснабанкті” сату "талпыныстары" туралы жазды. Бұған қоса, Шыңжаңдағы қазақтардың жағдайы, соның ішінде бірнеше этникалық қазақтың босатылуын талқылады. 

«"Қырғызстанды біріктірген" футбол және Жээнбековтің тапсырмасы» - Футболдан Қырғызстан ерлер құрамасы Азия кубогына алғаш рет қатысып, плей-офф кезеңіне дейін жетті. Бұл оқиғадан кейін елде футбол мектептерін ашу, халықаралық стандартқа сай стадион салу мәселесі көтерілді.

«Антониу Гутерриш: "Антисемитизм қайта бас көтерді"» - 1945 жылғы 27 қаңтарда совет әскері нацистердің ең ірі лагері – Освенцимдегі (Аушвиц-Биркенау) тұтқындарды босатқан. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер мен олардың жақтастары алты миллионға тарта еврейді өлтірген. Тарихшылардың ұзақ жыл бойғы еңбегіне қарамастан қасірет құрбандарының көпшілігі туралы ақпарат жоқ.

«Ықтияр хат пен азаматтық арасындағы сергелдең» - Қазақстанда бір жылға берілген оралман куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты азаматтық ала алмай жүрген мыңдаған адам бар. Олардың көбі –Қытайдан қоныс аударған этникалық қазақтар.

QAMSHY.KZ. «Біз неге Африка құрлы мал өсіре алмай отырмыз?» - БҰҰ-на қарасты мал шаруашылығы саласын зерттеуші ФАО (федеральды аграрлық бірлестік) орталығының мәліметінше, ветеринариясы жақсы дамыған АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Алмания, Италия тәрізді елдерде әр түрлі індеттің себебінен бір жылда  мал басының 7  пайызы  шығынға ұшырайды. Ал бұл көрсеткіш Қазақстанда 30 пайыздан асып  жығылады.

QAZAQTIMES.COM. «Soros: Қытай басшысы дүние жүзіндегі еркіндікке қорқыныш әкеледі» -  «Қытай басшысы әлемнің еркіндік процесіне қауіп төндіреді». Бұндай пікірді америкалық миллиардер әрі филантроп Жорж Сорос Давостағы дүниежүзілік экономика форумында ортаға салды. 

«“Құжатқа құрықталған қандастар” Назарбаевтан араша сұрады» - Алматы қаласында «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Құжатқа құрықталған қандастар» атты баспасөз мәслихаты өтті. 

ZHASALASH.KZ. «Сырттай сотталған саясаткерлер» - 25-күні күзден бері жалғасып келе жатқан Рысқалиевтер ісіне нүкте қойылды. Атырау облысын 6 жылға жуық басқарған Бергей Рысқалиев пен оның інісі, паламент мәжілісі депутаты болған Аманжан Рысқали – 17 және 16 жылға бас бостандығынан айрылды.

«Бердібек Сапарбаев жастардан бұрын өз кадрларын тәрбиелеуі керек» - Былтыр «Жас алашқа» берген сұхбатында зейнетке шыққан соң «жастарға сабақ беретінін мәлімдеген» Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ қазірдің өзінде зейнет жасында. 65 жас – әрине, «бергенінен берері көп» «Елбасының сенімді қадрлары» үшін түк емес. Дегенмен, жас ұлғайған сайын адамның қырағылығы азая ма, әлде Сапарбаев өзі айтқан жастар тәрбиесіне көбірек ойысып кетті ме, соңғы кездері әкімнің өз кадрлары туралы жағымсыз ақпараттар жиілеп кеткен сияқты.


28 қаңтар 2019, 08:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.