Атырау, 24 қараша 19:52
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Облыс әкімін мектептердің жағдайы қапаландырды

2 113 просмотра

Дүйсенбі күні, 3 қыркүйекте облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ актив өткізіп, онда облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті, қаржы полициясы, ішкі істер департаменттерінің және облыстық прокуратураның жаңа басшыларын қысқаша таныстырып өтті.

Таныстырғаннан кейін ол бірден өзінің Жылыой және Мақат аудандарына барған сапары туралы түсіндіруге көшті. Бірақ актив алдындағы өте қысқа сөйлеген сөзін (бар болғаны 6 минут) маңызды ескертуден бастады:

- Әр адам өз ісі мен өз сөзі үшін жауап беруі тиіс. Біз өз жұмысымызда әділдік, адалдық принциптерін басшылыққа аламыз.

Ізмұхамбетов облыстың бүкіл жеті ауданын аралап шыққанын, қазір қарамағындағылар үшін тапсырма дайындаумен айналысып жатқанын айтты.

- Бүгін мен Мақат пен Жылыой аудандарын аралап келдім. Ол жерде актив өткіздім, енді тапсырмалар беріп жатырмын. Қыс болса келіп қалды, тездетіп жұмыс жасау керек, аяқталмаған жұмыстар көп. Бүгінде маған әкім ретінде ең үлкен проблема – мектептерге қатысты ахуал болып отыр. Балалар спорт залдарында, мәдениет үйлерінде, интернаттарда оқуға мәжбүр. Бұлай болмайды.

Әкім өзі қарап шыққан 12 мектепке жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына қатты қапаланды:

- Мәселен, Мақаттағы Баймұханов атындағы мектепті алайық. Жұмыстың сапасы сондай, оны қалай аяқтауды, бастысы осы жұмыстарды қалай төлеу керектігін білмей отырмыз? Бірақ шешімін табамыз, өйткені 800 оқушы оқу жылын мүлдем лайықсыз жағдайда бастады. Ал басқа 8 мектептің жағдайы мүлдем ештеңеге жарамайды. Алайда осы істерге қатысы болғандардың барлығы мемлекет қаржысын игеруге қатысты және лайықсыз жұмыс атқарғандары үшін жауапкершілікке тартылатын болады.

Бұрынғы әкімнің орынбасарлары Асқар ӘБДІРОВ пен Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА өз креслоларында орнығып қала алған секілді. Оларды актив кезінде байқаған едік. Қысқаша сөйлеген сөзінен кейін шақырылғандардан (яғни, қатысушылардың барлығынан) залдан шығуды өтінді. Облыс әкімі өзінің орынбасарларымен және басқарма бастықтарымен оңаша қалды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

4 қыркүйек 2012, 20:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.