Атырау, 27 желтоқсан 00:39
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Пактың орнына келді

1 992 просмотра

Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы Атырау филиалының төрағасы (әрі қарай ҚҰЭП) ауысты. Атырауға танымал кәсіпкер, «УС-99» ЖШС құрылтайшысы Вадим ПАКТЫҢ орнына жергілікі филиалға Асылбек ЖАКИЕВ басшылық етті (суретте).

Естеріңізге салсақ, В. Пакқа дейін бұл лауазымда Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ағасы Аманжан РЫСҚАЛИ отырған болатын. Рысқали бұл орыннан 2012 жылдың қаңтарында парламент мәжілісі депутаттығына сайлануына байланысты кеткен еді. Жергілікті филиалдың басшысы В. Пактың қызметінен кету жағдайы туралы хабарланбайды. Онымен байланысқа шыға алмай отырғаны белгілі.

Оның ізбасарына келер болсақ, бар болғаны 28 жаста, «Болашақ» президенттік бағдарламасының түлегі. Бакалавр дәрежесіне (КИМЭП), магистр дәрежесіне (Тренто университеті, Италия) ие. Германия, Венгрия, Швейцария университеттерінде оқыған. Аджип ККО-ның атыраулық және гаагалық филиалдарында, «Каспий» ӘКК-да жұмыс істеген. 2010 жылдан бастап жеке секторда компанияға басшылық еткен. 4 қыркүйекте «Атамекен» ҚҰЭП Атырау филиалының директоры боп тағайындалды.      

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын ел президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ бүкіл қазақстандық бизнесмендерді «қыңқылдауды доғаруға» және міндетті түрде «Атамекенге» кіруге шақырған еді. Бұл ұсынысты отандық кәсіпкерлер әркелкі қабылдады, өйткені мүше болу қомақты жарналар салумен байланысты болатын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

4 қыркүйек 2012, 20:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.