Атырау, 27 желтоқсан 01:16
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Болгария Еуроодаққа кіруге асықпайды

1 939 просмотра

Болгария аймақтағы қаржылық дағдарысқа байланысты Еуроодаққа кіру бойынша жоспарларын кейінге қалдырды. Бұл туралы елдің Қаржы министрі Симеон Дянков мәлім етті.

Дянковтің айтуынша, дәл қазір Болгария Еуроаймаққа енуден ешқандай пайда таппайды, тек шығынға батады. Бұл туралы кapital.kz хабарлайды. Министр Еуроаймақтағы ойын ережесінің әрдайым ауысып отыратынын және оған қосылу Болгария үшін қауіпті екенін айтты.
Осыған дейін 31 тамыз күні Еуроаймаққа ену бойынша өз шарттарын Польша атаған болатын. Бұл елдің СІМ басшысы Радослав Сикорски Варшава Еуроаймақ өзінің қарыздық мәселелерін шешіп алған соң ғана еуроға қосылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, соңғы екі жыл ішінде Еуроодақ өз ішіндегі елдердің ірі қарыздарына байланысты ауыр дағдарысты бастан кешіруде. ЕО басшылығы Грекияға, Ирландияға және Португалияға қаржылай көмек те берді, мұндай қиын жағдай Испания мен Италияның да басында бар. Сарапшылар тобы алдағы жылдары бірнеше ел, соның ішінде Грекия Еуроаймақтан кетеді дегенді айтуда. Қазіргі уақытта Еуроодақтың 27 мемлекетінің 17-сі ғана Еуроаймақтың мүшесі болып табылады.

Дереккөз: 1tv.kz

4 қыркүйек 2012, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.