AZATTYQ.ORG. «”Әлімжеттік жасаған” оқушылар тергеліп жатыр» - Түркістандағы Талғат Бигелдинов атындағы мектептің 9-сыныптағы үш оқушысына «әлімжеттік жасаған» қаладағы өзге үш мектептің оқушыларын тергеу басталды. Қалалық білім бөлімі тергеу амалдары біткен соң жауаптыларға шара қолданатынын айтады.
«Нацуко Ока: Бағаны сатып алу үйреншікті құбылысқа айналған» - Жапон ғалымы Нацуко Ока Қазақстанның білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеп жүр. Азаттыққа берген сұхбатында шетелдік ғалым неліктен адамдардың пара беріп, тамыр-таныстықты пайдаланғанды жөн көретіні және оның қоғамға тигізетін кесірі туралы айтты.
«Иракта сотталған тәжік әйелдер балаларын еліне қайтаруға қарсы» - Ирак түрмесінде жазасын өтеп жатқан тәжік әйелдерінің кейбірі кәмелетке толмаған балаларын отанына қайтарудан бас тартып отыр. Тәжікстанның Сауд Арабиясындағы дипломатиялық өкілдігінің мәліметінше, Ирактан Тәжікстанға қайтару мақсатында тіркеуге алынған 95 бала бар. Заң бойынша, оларды елге қайтаруға аналарының келісімі керек.
INFORMBURO.KZ. «Қаржы пирамидалары әлеуметтік желіге көшті. Оларды қалай анықтауға болады?» - Қаржы пирамидалары 2000 жылдарға дейін қаржы саласына басымдық берген-ді. Қазір уақыттың ыңғайына тез бейімделіп, қалтаға түсудің түрлі жолын тапқан.
QAZAQTIMES.COM. «Шапалақ пен флешмоб» жастар мәселесін шеше ме?» - Астана қаласында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жастар жылының ашылу салтанаты өтті.
«”Арал дауы”: Жапония мен Ресей байланысы қайда бағыт алмақ?» - Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде кездесті. Қос тарап Курил аралдарына қатысты мәселені талқылаған.
«Президент сайлауына дайындық қалай басталды?» - Қаңтар айының 17-і күні «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өзінің «Facebook» парақшасына 27 ақпан күні билік партиясның ХVIII сьезі өтетіндігін мәлімдеді. Осыдан кейін сарапшылар мен журналист біткен «Нұр Отан» кезекті құрылтайында қандай бастама көтереді?», «Бұл мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына дайындық емес пе?» - деген сұрақтарға жауап іздей бастады.
ABAI.KZ. «Сайлау болған соң, саяси оппоненттер де болуы керек...» - Қазір көп жұрт сайлау жайын сөз ете бастады. Әлеуметтік желіде гүбір-гүбір әңгіме... Бәрінің айтатыны бір, ол – сайлау. «Жақында сайлау болады екен» деген жел сөз желіне кезіп жүргелі де біраз болды. Саясаткерлер де сайлау болатынын болжап отыр.
«Омарәлі Әділбекұлы: Қазақ-Қытай қатынасы қайда беталып барады?» - Қытайдағы қандастар қысымға ұшырағалы екі жылдан асты. Елбасы тапсырмасымен ҚР Сыртқы істер министрлігі де Қытай тарапымен арнайы келіссөздер өткізді. Қоғам белсенділері мен қоғамдық ұйымдар да бұл мәселеге үн қатып жатыр. Осы уақыт аралығында атқарған шаруалардың есебі ретінде, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлымен сұхбаттастық.