Атырау, 27 желтоқсан 00:25
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Тұншықтырғышты Мақатта қалдырды

2 333 просмотра

Владивосток қаласының 67 жастағы  тұрғыны  Саид Давлахмадов біршама еңбек өтілі бар  автосаяхатшы.

Саид Ахмадович мамандығы бойынша әскери теңізші, бірақ, оның құмарлығы мұхит емес, құрлықтағы шетсіз сағым жолдар. Ол саяхатқа жападан-жалғыз аттанады. Өзінің кезекті сапарына 2007 жылдың басында аттанды және содан бері қарай 248 елде болды. Оны өзінің тарихи Отаны - Тәжікстанда ұлттық батыр ретінде қарсы алды. Ел президенті Эмомали Рахмонов Саидқа азаматтық беруге бұйрық шығарды.

30 тамызда Саид атай өзінің «Нисан-Сафари» джип көлігімен Атырауға келді. Біздің жолдарымыз оған жақсы әсер қалдырмағанға ұқсайды. Ақтөбе тас жолында Мақат ауданы аумағында оның көлігінің тұншықтырғышы түсіп қалды.

Саидты үйінде дәрігер зайыбы мен студент балалары тосып отыр. Бірақ, ол әлі сапарының жарты жолында ғана. Одан әрі ол Әзірбайжанға, ол жақтан Иран мен Түркияға, Грекияға, кейін Еуропаға аттанбақ. Ол өзінің бұл саяхатын әлем картасын жасаушы астроном Абу-Мудина Хисроудың 1000 жылдығына арнады. Облыстық спорт және туризм басқармасы бастығының орынбасары Гүлжанат Қаленованың айтуынша, өткен жаз айларында Саидтан басқа облысқа Румыниядан, Бельгия мен Франциядан келген саяхатшылардың 3 тобы тоқтап өткен көрінеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қыркүйек 2012, 19:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.