Атырау, 13 желтоқсан 04:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Алдағы уақытта мұндайға бармайды

3 119 просмотра

Мәжілісмен А.БЕКЕНОВ: "Біз эмоционалдық күйде болғанбыз".ҚР бас прокурорынан кейін Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла РИЗУАНОВ сөз алды. Оның айтуынша, ардагерлердің жартысы хатқа мүлдем қолдарын қоймаған, бірақ фамилиялары көрсетіліпті, ал ардагерлердің екінші жартысы тіптен хаттың мәтіндерін көрмепті, бірақ қолдарын қойған.

- Бұл үлкен қателік, - деді Қ. Ризуанов. – Алдағы уақытта мұндайға жол бермейміз.

Әділдік үшін айта кету керек, бүкіл ардагерлер үшін жауап беруге тура келген Қ. Ризуановтың өзі басқа да ең беделді бірнеше ақсақалдар – облыстың бұрынғы басшылары секілді хатқа қол қоймаған.

«Жас Отан» жастар қанаты Атырау филиалының жетекшісі Мейірім ҚАЛАУИ алдымен жастардың президент ұстанымын және т.б. қолдайтынын айта келе, жастар атынан, «Жас Отанның» ашық хатқа қол қоймағандығын мәлім етті. Ол мұндай шешім қабылдау үшін әдетте жалпы жиналыс шақырылып, мәтіннің алдын-ала талқыға салынатындығын түсіндірді. Бұлай жасалмаған, демек, қолдар да қойылмапты.

Содан соң ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Асхат БЕКЕНОВ сөз алып, жаңа үндеудің мәтінін толқыныспен оқи бастады. Мәтінді толықтай назарларыңызға ұсынамыз.

«Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Атырау халқының атынан және ардагерлер мен парламент мәжілісі депутаттары мен облыстық, қалалық мәслихат депутаттарының атынан ашық хатты оқуға рұқсат етіңіз. 

Бұл үндеуімізге Атырау облысындағы қоғамдық-саяси өміріндегі соңғы оқиғалар себепші болып отыр. Осы күндері облыстың бұрынғы басшысына қатысты тез таралып жатқан оппозициялық интернет-ресурстар мен өзге де БАҚ-да объективті ақпараттың жоқтығы, әр түрлі қауесеттер және тексерілмеген фактілер аймақтағы қоғамның көңілін алаңдатып отыр. Дәл осы жағдайлар және біздің эмоционалды күйіміз облыс халқының атына асығыс үндеу қабылдауға алып келді. Алайда, біз бүгін тікелей бірінші басшылардан – «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Н.З., Нығматуллин,  ҚР Бас прокуроры А.Қ Дауылбаев және экномикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Т. Түсіпбековтен объективті әрі толық ақпарат алғанымызда, үндеуге эмоционалдық қабылдау әсерімен қол қойып жіберіп, үлкен саяси қателік жасағанымызды түсіндік.  

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Бәрінен бұрын біз сізге облысымызға партия және құқық қорғау органдарының жетекшілерін жібергеніңізге ризамыз. Біз осы жағдайға байланысты және қозғалған қылмыстық істерге қатысты сенімді және толық ақпарат алдық.

Біз сіздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бітіспес күресіңізді жақсы білеміз, мемлекет барлық қазақстандықтардың, соның ішінде Атырау облысының тұрғындарының да мүддесін қорғауға міндетті екенін түсінеміз.

Сондықтан біздің облыстың тұрғындары еліміздің құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа және қылмыстық істерге қатысы бар тұлғаларға байланысты тергеуді объективті түрде жүргізетіндігіне сенімді.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз сіздің Атырау аймағы сенімді тірегіңіз болған, әрдайым солай бола береді деп білгеніңізді қалаймыз. Біздің облыстың тұрғындары сіздің жеке өзіңіз біздің аймаққа қаншама күш жұмсап, көңіл бөлгеніңізді, қолдауыңызды біледі. Тек сіздің арқаңызда ғана облысқа ірі инвестициялар салынды, ал Атырау бүгінде еліміздің көркем орталықтарының біріне айналды.

Біздің облыс - газы мен ауыз суы барлық дерлік елдімекендерге жеткізілген жалғыз өлке, сондай-ақ, Қазақстанда жалақы деңгейі жоғары саналатын аймақтардың бірі. Әсіресе Қазақстандағы жүзеге асып жатқан сауатты кадрлық саясатты атап өткім келді.  Нәтижесінде бүгінде жергілікті жастар арасындағы көптеген керемет мамандар қазақстандық және шетелдік компаниялардағы мұнайгаз кешенінің маңызды қызмет орындарында жұмыс істейді. Сондықтан, Атырау облысының тұрғындары ешқашанда сіздің біз үшін атқарған еңбегіңізді ұмытпайды.   

Біз әрдайым сіздің барлық саяси және экономикалық бастамаларыңызды қолдаймыз, қолдай да береміз. 

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз біздің президентімізсіз, біздің көшбасшымызсыз. Біз аймақтағы қоғамдық-саяси жағдайды шайқалтуға ешкімге ешқашан да жол бермейміз. Бізге сенімді болыңыз, біз сізді ұятқа қалдырмаймыз».

Залда ду қол шапалақтап, қошемет көрсетті.

Активтен кейін біз мәжілісменге бірнеше сұрақтар қойдық.

- Облыстың бұрынғы әкімін қолдаған үндеуге өзіңіз қол қойдыңыз ба?

- Иә, мен қол қойдым, - деп әсерлене жауап берді Бекенов. – Бірақ қазір өз сөзімде үндеуге эмоцияға беріліп, тек адал ниетпен ғана қол қойғанымызды айтқанмын. Біз қашан да президенттің командасында болдық, біз президент саясатын қолдаймыз және президентпен біргеміз!

- Б. Рысқалиевтың қазір қайда екенін айта аласыз ба?

- Білмеймін.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА,

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

31 тамыз 2012, 23:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.