Атырау, 27 желтоқсан 01:02
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Депутаттар «саяси қателік жіберді»

3 160 просмотра

Бүгін, 31 тамызда «Нұр Отан» партиясының Атырау филиалында парламент мәжілісінің спикері, партия жетекшісінің бірінші орынбасары Нұрлан НЫҒМЕТУЛЛИННІҢ, бас прокурор Асхат ДАУЫЛБАЕВТЫҢ, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) басшысы Рашид ТҮСІПБЕКОВТІҢ және жаңа облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ қатысуымен облыс активі болып өтті.

Активте облыс прокуроры Сайфолла КЕМАЛОВТЫҢ және облыстық қаржы полициясының бастығы Ерлан ЖАЛМАҒАМБЕТОВТЫҢ лауазымдарынан босатылғандығы хабарланды.   

Атырау облысының жаңа прокуроры болып бұрын Бас прокуратура департаменттерінің бірінде басшылық еткен Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ, ал жергілікті қаржы полициясы басшылығына облыс прокурорының бұрынғы орынбасары Мұрат ТӨЛЕБАЕВ тағайындалды.

Мәжіліс депутаты Асхат БЕКЕНОВ Атыраудағы депутаттар корпусының үндеуін оқып берді. Онда олардың (соның ішінде 4 парламентарий бар) Б. Рысқалиевты қорғаған алдыңғы үндеуі «саяси қателік» деп аталды.   

«АЖ» бас прокурорға бұрынғы әкім Б. Рысқалиевтың қай жерде екендігі туралы сұрақ қойды. А.Дауылбаев оның қазір қайда екендігі туралы мағлұмат жоқ екендігін айтып, экс-әкімнің уақытша ұсталу фактісін жоққа шығарды. Бас прокуратураның Атырау облысындағы тергеу ісі туралы мәліметтер жоқ деген деген жуырдағы мәлімдемесіне қатысты, А. Дауылбаев іс жүзінде ондай мәлімдеме болған жоқ деп жауап берді. Ол сондай-ақ, Атырау облысындағы оқиғаларға қатысты істер бойынша Бас прокуратураға қысым жасау фактілерінің орын алмағандығын атап өтті.  

Толығырақ сәл кейін баяндайтын боламыз.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА, Айнұр САПАРОВА

31 тамыз 2012, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.