ABAI.KZ. «"Zona.kz-ке" әй дейтін әже жоқ па?» - Еліміздегі ақпарат кеңістіктігінің әлі де болса біреулерге кіріптар екені, бұл салада әлі де толық тәуелсіздікке жете алмағанымыз ешкімге де құпия емес. Әсіресе біздегі орыс тілді бұқаралақ ақпарат құралдарының кей-кейде қазақ елінің емес, көрші Ресейдің өктемшіл саясатының қолшоқпарына айналып кететіні де ащы шындық.
«Түркістан легионында шайқасқан сарбаздар сатқындар емес...» - Жуырда Ресей баспасөзінде екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі “КСРО мұсылман халықтарының” неміс рейхімен ынтымақтастығы туралы мақала жарияланды. Онда Кеңес әскери тұтқындарының ұлтшылдары құрған Түркістан легионы жайлы жазған поляк ұлтының өкілі Адам Качинскийдің деректері негізге алынған.
AZATTYQ.ORG. «Жәмила Стехликова: "Қазақ халқы демократияға дайын"» - Чех Республикасының адам құқығы және ұлттық азшылықтар жөніндегі экс-министрі, қазір Чехияның оппозициялық либерал-экологиялық партиясы төрағасының орынбасары Жәмила Стехликова тарихи отанындағы жағдайды жіті бақылайды.
«Постсоветтік елдер билігінде он жылда не өзгерді?» - "Настоящее время" сайты қазір постсоветтік елдерді басқарып отырған адамдардың соңғы 10 жылда қалай өзгергенін салыстырып көрді.
DALANEWS.KZ. «Денис Тенді өлтіргендер? Олар бұл іске амал жоқтығынан барды» - Талай адамдарды қаққан Үсеновтер де бостандықта жүр ғой. Әйгілі спортшы болғандықтан да жағдайдың осылай ушығып кеткенін бәріміз де іштей біліп отырмыз. Қазақстанда дәл осындай жағдай күніне қанша рет орын алады? Көп болмаса, аз емес.
«№1 мәселе. Ол не?» - Тура бір жыл бұрын. Тура осы желіде. Фейсбукте-шііі. Қырғын болды. Сол кезде түртіп қойып едік, бұл тарихи күн деп. Енді, міне еліте еске алып отырмыз…
«Рейганомика: кризистегі Қазақстан кімнен үлгі алуы керек?» - Дағдарыстан шығудың төте жолы – түтіні түзу елдердің тәжірибесіне жүгіну. Соның бірі – АҚШ.
INFORMBURO.KZ. «2019 жылдың наурыз айынан бастап салық амнистиясы басталады. Оған кім ілігеді?» - 5 қазанда Президент шағын және орта бизнеске салық амнистиясын беруді тапсырған болатын. Бұны жұрт қол соғып, қуана қабылдады. Мемлекеттік кірістер комитеті дереу нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізуге кірісіп кетті. Шағын және орта бизнес өкілдеріне түсіндірулер жүргізіліп, 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі қарыздарын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеу керектігін ескертті.
QAMSHY.KZ. «Әзербайжандағы көтеріліске президенттің әйелі кінәлі ме?» - 19 қаңтарда Әзербайжанның астанасы Бакуде митинг болып, түрмеде аштық жариялаған блогер Мехман Гусейновты қолдау шарасы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш акция Демократиялық күштердің ұлттық кеңесінің ұйымдастыруымен өткен.