Атырау, 27 желтоқсан 00:30
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақстанда сүттің орнына сүтті шырын пайда болады

5 478 просмотра

Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден одағының аумағында «сүтті шырын» деген термин қолданылып, КО-дағы сүт және сүт өнімдерінің атауларын ауыстырмақ.

«Құрғақ сүттен жасалатын өнімдерге «сүтті шырын» терминін беруді Ресей ойлап тапқан» дейді Kapital.kz. РФ Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Илья Шестаковтың айтуынша, Ресейдің КО-ның басқа елдерінен келісім алуына ұзақ уақыт кеткен. «Беларусь республикасымен келіссөздер аяқталды, олар бізді толықтай қолдады. Біз «сүтті шырын» терминін қалдырамыз деп шештік. Ал Қазақстан үшін бұл өтпелі кезең болады», - дейді министрдің орынбасары.

Құжат 2013 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді деп күтілуде.

Айта кетейік, Қазақстан құрғақ сүт өнімдерінің атауын «сүтті шырын» деп емес, «қалпына келген сүт» деп атауды жақтаған болатын.

Дереккөз: 1tv.kz

31 тамыз 2012, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.