Атырау, 23 сәуір 20:39
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«"Нұр Отан" партиясының 20 жылдағы эволюциясы», «Қытайдағы жемқорлық және "әділетсіз қоғамдағы қорықшы өлімі"», «Чжан Сяо. "Бүкіл Қазақстан қытай тілін құлшына үйреніп жатыр"», «Трамп "шатдаунға" байланысты демократтарға ұсыныс жасады».

3 473 просмотра

INFORMBURO.KZ. «Әдет-ғұрыпқа айналған қазақы емдер. Қазақ қатерлі ісіктен қалай сақтанды?» - Бұрын ұшықтан қорыққан қазақ қазір неге ісіктен қорқады? 

AZATTYQ.ORG. «"Нұр Отан" партиясының 20 жылдағы эволюциясы» - Сайлау кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа қоғамдық қолдау көрсету үшін құрылған штаб қайтіп Қазақстанның саяси өміріне монополия орнатқан "билік партиясына" айналды? "Нұр Отанның" соңғы 20 жылдағы трансформациясы туралы Азаттық жергілікті саясаткерлердің және сарапшылардың пікірін білді.

«Трамп "шатдаунға" байланысты демократтарға ұсыныс жасады» - АҚШ президенті Дональд Трамп шекарада дуал немесе бөгет салуға қаржы бөлінсе, заңсыз мигранттардың балаларына көмек көрсетуге уәде берді.

«Қытайдағы жемқорлық және "әділетсіз қоғамдағы қорықшы өлімі"» - Батыс баспасөзі осы аптада “Бір белдеу – бір жол” жобасы аясында Қытайдың жемқорлыққа батқан елдермен қарым-қатынасы жөнінде жазған. Мұндай елдердің қатарында Қазақстан да аталады. Халықаралық БАҚ сонымен бірге Қазақстандағы полицияның беделі мен Тұйық су мұздығының еруінен туындайтын қауіп-қатерге тоқталған.

«Жазадан құтылғандар бізге күліп кетеді» - Республикалық "Охотзоопром" мекемесінің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы Ерлан Нұрғалиев рейд кезінде браконьерлер қолынан ауыр жараланып, қайтыс болды. 

QAMSHY.KZ. «Биыл қазақстандықтарға бір тиынды екі тиын ету аса маңызды» - Биылғы жылы біз білетін қаржы әлемінде үнемдеу маңызды бола түседі.  Бұл ретте «Аналитик» талдау орталығының сарапшы маманы Тоғжан Шаяхметованың айтуынша, 2019 жыл қазақстандықтарға үнемдеуді мықтап меңгертеді.

«Ширек ғасырда еркін күрестен бір әлем чемпионын баптауға жарамадық...» - Қазақ жастары ХХ ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап дене шынықтыру мен спорт саласы бойынша жоғары оқу орындарында оқи бастаса, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін алаш даласының әр қиырында спорт үйірмелері жұмыс істей бастады. Сол дүрмекпен спорттың сан түрін дүркірете қуған қазақ саңлақтары 1960 жылдан бастап әлемдік ареналарда атой салды.

ABAI.KZ. «Чжан Сяо. "Бүкіл Қазақстан қытай тілін құлшына үйреніп жатыр"» - Өткенде ҚХР-дың еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо «Бейжің сарайы» қонақүйінде Қытайда білім алған қазақстандық студенттерге арналған жиында: «Президент (Нұрсұлтан Назарбаев – автор) қытай тілін үйренуге кездейсоқ шақырған жоқ» (Елшінің бұл ақпаратты қайдан алғаны түсініксіз. Елбасы қытай тілін үйренуге ешкімді де шақырған жоқ. Тек стратегиялық тұрғыда бұл тілдің маңызы бар екенін атап өтті) дегенін жазып, елшінің бірді екі деп қоса сөйлегеніне наразылық білдірген едік. Сөйтсек, біздің білгеніміз бер жағы ғана екен. Елші мырза өз елінде көлдей мақала жазып, бүкіл Қазақстанның қытай тілін құлшына үйреніп жатқанын айтып, сүйіншілеп тастапты.

 «Әлихан Бөкейхан қазақ әдеби сынының негізін салушы» - Ә.Бөкейханның әдеби-сын мақалалары туралы ойлағанымызда,біздің көзімізге ең алдымен шалынатыны - Әлиханның “Қобыланды жырындағы әйелдер бейнесі” мақаласы.


21 қаңтар 2019, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.