Атырау жылу электр орталығында құбыр жарығын жою жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Атырау қалалық əкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айвар Рахманов мәлімдеді. Ақпарат көзінің хабарлауынша, бүгін, 19 қаңтарда сағат 19:00-де жылу жүйесі ажыратылған.
- Атырау ЖЭО-нан шығатын екі магистральды желінің бірінде құбыр жарығы пайда болды. Осы учаскені ажырату үшін жылу жүйесінің жұмысын тоқтатуға тура келді, - деді Айбар Рахманов.
Қазіргі уақытта ақаулы учаске ажыратылған, ЖЭО қызметкерлері жылу жүйелерін іске қосумен айналысуда.
- Атырау тұрғындарының үйлеріне жылу 1 сағат ішінде беріледі, - деп нақтылады Айвар Рахманов.
Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі