Атырау, 27 желтоқсан 00:57
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

3G лаңкестікпен күрес үшін ажыратылды

2 290 просмотра

22 тамыз күні таңертеңнен бастап 23 тамыз күні сағат 14-ке дейін Атырау облысы аумағында GSM форматындағы ұялы байланыс абоненттерінде кенеттен 3G желісі жоғалып кетті.  Жоғары жылдамдықтағы интернеттің жоқтығын үш бірдей «GSM Қазақстан/Kcell», «КарТелл» және «Теле2» операторларының 3G желісінің мүмкіндіктерін пайдаланатын белсенді абоненттердің шамамен 50 пайызы байқады.

Біз ұялы байланыс операторларының өкілдеріне қоңырау шалған едік. Олар 3G абоненттеріндегі байланыстың жоқтығы жабдықтар жұмысындағы техникалық ақаулардан туындағанын түсіндірді. Тек «Kcell» компаниясының ресми сайтында абоненттер үшін төмендегідей мазмұнда хабарлама пайда болды:

«Өкілетті органның бұйрығына сәйкес, Атырау облысында ұялы байланыс абоненттеріне 3G қызметтерін көрсету уақытша тоқтатылды. Қызметтердің қайта қосылуы туралы қосымша мәлімдейтін боламыз».

«Өкілетті орган» боп табылатын ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі ахуалға комментарий беру жөніндегі өтінішімізге тек 27 тамызда ғана жауап берді. Сонымен,  олар Атырау облысының аумағында 3G-байланысының жоқтығын ҚР ҰҚК-не сілтеме жасай отырып, былай деп түсіндірді:

«Соңғы кездері республикада террористік бағыттағы қылмыстардың көбейгені байқалады. Тұрғын массивтерде жарылыс құрылғыларын қолдану фактілері жұртшылық үшін аса қауіпті. Ол көптеген, көбінесе кездейсоқ адам құрбандықтары мен бүлінушілікке әкеледі. Жұмылдырылған құрылымдар мен ведомоствалардың өзара әрекетінің үйлесімділігін жолға қою үшін республика аумағында да, халықаралық деңгейде де лаңкестікке қарсы үнемі нақты жағдайға жақындатылған оқу-жаттығулар өткізіліп тұрады».  

2012 жылдың тамыз-қыркүйек айында Ростов-на-Донуда (Ресей) ТМД-ның Террорға қарсы орталығының қамқорлығымен, Қазақстанның, Украинаның және Ресейдің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтерінің қатысуымен «Дон-Антитеррор-2012» деп аталатын халықаралық біріккен антитеррорлық жедел-стратегиялық оқу-жаттығулар жүргізіледі.

Үстіміздегі жылдың 20-23 тамыз аралығында Атырау қаласында оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде лаңкестікпен және экстремизмнің басқа зорлық құбылыстарымен күрес, антитеррористік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инфрақұрылым нысандарын диверсиядан қорғау жөніндегі үйлестірілген шаралар өткізу кезінде ТМД-ның қатысушы мемлекеттерінің құзырлы органдарының өзара әрекеттесу мәселелері жасақталыпты. Осылайша Атырау қаласында 3G режимі уақытша ажыратылып, халыққа 2G желісін пайдалану арқылы қызмет көрсетілген.

Тамара СУХОМЛИНОВА

30 тамыз 2012, 00:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.