DALANEWS.KZ. «Абдрахманов отставкасының үш себебі» - Жаңа жыл қарсаңында Үкімет құрамында ауыс-түйіс болды. Оны былайғы жұрт байқаған да жоқ. Бұл жолы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов қызметімен қоштасып, оның орнына Қорғаныс және әуеғарыш өнеркәсбі министрі болған Бейбіт Атамқұлов келді. Сонымен қатар Жеңіс Қасымбеков басқаратын Инвестиция және даму министрлігі бұдан былай Инвестиция және инфрақұрылымды дамыту министрлігі деп аталатын болды. Болған, біткені осы.
AZATTYQ.ORG. «Түрмесі - "азап", белсендісі "шектелген" Қазақстан» - Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы "World Report 2019" есебін жариялады. Құжатта 90-нан астам елдегі адам құқықтары ахуалы сарапталған. HRW Қазақстандағы азаматтық қоғамның, сөз бостандығы мен кәсіподақтардың шектеуге ұшырағанын жазған.
«Тен өліміне "кінәлі" деп танылғандар ұзақ жылға сотталды» - Алматыда спортшы Денис Тен өліміне қатысты сот үкімі оқылды. Сот үш айыпталушыны тағылған айыптары бойынша"кінәлі" деп тауып, түрлі мерзімге соттады.
«Полиция жұмысын реформалау талабы орындалды ма?» - Денис Теннің қазасынан кейін қазақстандықтар "қылмыс полицияның салғырттығынан болды" деп, ішкі істер министрлігін реформалауды талап еткен. "Президенттен бұйрық алсам отставкаға кетуге дайынмын" деген министр Қалмұхамет Қасымов қызметінде қалып, полиция жұмысын реттеуге кіріскен. Мысалы, жақында полицияның жаңа формасы ұсынылды. Бірақ белсенділер "форма ауыстыру- реформа емес" дейді.
«Билік салықты мессенджер есебінен көбейтуді ұсынады» - Тәжікстан тұрғындарының көбі байланыс құралы ретінде мессенджерлерді пайдаланғанды жөн көреді. Бюджетке түсетін кірістің азайып кеткенін алға тартқан салық комитеті байланыс операторларына мессенджерді қолданған әр минутқа ақы белгілеу туралы талап қойды.
INFORMBURO.KZ. «Алаяқтарға тап болмай, IELTS тестін қайда тапсыруға болады және сертификатын қалай тексеру керек?» - Іnformburo.kz редакциясы сынақты қайдан, қалай тапсыруға болатынын, сондай-ақ сертификатты алудың жолдары туралы зерттеп көрді.
AIKYN.KZ. «Кино: Заң қандай жеңілдік береді?» - Мәжіліс «Кинематография туралы» заң жобасы мен оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдаған еді. Жаңа заң ұлттық кинофильмдерді қаржылай қолдау және басқа да өзекті мәселелерді қарастырған.
QAZAQTIMES.COM. «Қазақстанның ақыл-парасаты сыртқа ағылуда» - Келешекте Қазақстанның бір кетігін қалап, ғылыми-техникалық элитасын құрайтын талапты, ақылды, креативті мамандар сыртқа ағылып жатыр. Жайлы мекен аңсап, жанына пана іздеп бару бөлек те, тұрмыс тауқыметінен қажып, жақсы жалақының жайын іздегендер тағы бір бөлек.
ABAI.KZ. «Ә.Қосанов: "Жаңа күштер келе жатыр"» - Құрметті оқырман! «Abai.kz» ақпараттық порталы тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан интернет-конференция жаңа сипатта өз жалғасын табатын болады. Енді, интернет-конференцияның қонағы оқырман сұрақтарына порталдың «You Tube» желісіндегі арнасы арқылы жауап береді.
QAMSHY.KZ. «Қазақтың бәрі шабанаяқ немесе тобанаяқ емес» - Біздің халықта желаяқ деген сөз бар. Яғни, әр заманда желмен жарысқан жүйріктеріміз болғаны рас. Алысқа бармай-ақ, ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңы мен 60-жылдарға ат басын бұрсақ, шашасына шаң жұқпаған небір желаяқтарымыз алдымыздан шығады.