INFORMBURO.KZ. «Үмітсіз сайлау» - Ресми өтірік аз емес: "Қазақстан байып келеді", "орташа жалақы 157 мың теңге", "күллі әлем бізге қарап таңдай қағады" сияқты "ертегі" жиі айтылады.
«Жасанды интеллект деген не және оның адамзатқа қаупі қандай?» - Адам баласының бүгінгі онлайн және оффлайн өмірі жасанды интеллектке тікелей байланысты. Болашақта оған сұраныс әлі артпақ.
QAMSHY.KZ. «Сирияда соғыс көріп келгендерді қоғамға бейімдеуге бола ма? Ерлан Қарин жауап берді» - Адасып, шекара асып, Сирияға барған қандастарымызды әкелдік деп қуанып та жатырмыз. Ал әлеуметтік желілерде «осы Отанын сатып кеткендерді қайта әкелудің қажеті қанша еді? Мемлекеттің қаржысын текке шашып жатқан жоқпыз ба?» деген пікірлер жазылып жатыр. Расында, сау басына сақина тілеп алғандар үшін тәуекелге барудың қажеті бар ма? Қайтып келген қандастарымыздан не күтеміз?
«Бақытты өмірді зерттеген танымал психологтың "бақытсыз" өлімі» - Танымал америкалық педагог, жазушы, оратор-мотиватор – Дейл Карнегидің адам психологиясын танып-білуге арналған кітаптарының мазмұны өз өзектілігін жоймай келеді.
AZATTYQ.ORG. «Оралдың тарихи келбетін қалай сақтап қалуға болады?» - Соңғы кездері Орал билігі қаланы Қазақстандағы Еуропаның бір бөлігі ретінде көрсеткісі келеді, сәулет өнерінің көне үлгілері мен бай тарихының арқасында аймақтың туристік әлеуеті зор екенін айтады. Алайда жергілікті өлкетанушылар, сәулетшілер мен тарихшылар біраз уақыттан соң мұнда туристерге көрсететін ештеңе қалмайтын шығар, өйткені қаладағы көне ғимараттар қирап барады, оларды қалпына келтіріп, жөндеу керек дейді.
ABAI.KZ. «4 проценттік автонесиені қалай алуға болады» - Қазақстанның автобизнес қауымдастығы 4 проценттік несиеге көлік алудың шарттарын түсіндірді.
TURKYSTAN.KZ. «Бейнетпен тапқаның билетке жетпейді» - Соңғы жылдары елімізде әуе тасымалы қызметіне жүгінетін жолаушылар саны артып келе жатқаны байқалады. 2018 жылы отандық әуе компаниялары 7,8 млн жолаушы тасымалдаған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық.
«Әлем демографтары неге аландайды?» - Орта мектептің жоғары сыныбында оқып жүргендерді әлем елдерінің тарихы мен географиялық жағдайы қатты қызықтыратын. Сондықтан болар көбі дүниежүзіне қатысты кітаптарды, оқулықтарды сүйіп оқитын.
«Серікбай қажы Ораз: Дін– сауабы мен сауалы көп сала» - Тәуелсіз Қазақстанның тарихында 3 мүфтиге орынбасар болдыңыз. Мұсылмандар құрылтайында басым дауыс Сіздің кандидатураңызға берілді. Қазір Бас мүфти болғаныңызға бір жылдан асты. Өткенге ой жүгіртіп көрсек. Не түйдіңіз? Бір жылда қандай жұмыстар атқарылды?