Атырау, 27 желтоқсан 00:44
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

ҰҚКД бастығы және «Нұр Отан» филиалының төрағасы ауысып, облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

4 436 просмотра

Бүгін Атырау облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа бастығы боп осыған дейін Батыс Қазақстан облысының ҰҚКД-не басшылық еткен Ақдарбек КЕНЖЕБЕКОВ тағайындалды. Естеріңізге салсақ, осыған дейін бізге көршілерден ІІД-нің жаңа бастығы келген еді.

Бүгін Атырауға «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан ҚАРИН ат басын тіреді. Ол конференцияда партияның облыстық филиалының жаңа төрағасын - әкім Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІ таныстырды. Негізінен дәрежесі төмен әкімдерден және депутаттардан құралған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Содан кейін мәжіліске кіргізілмеген тілшіміз байқағандай (жарайды, біз бәріміз партияда жоқпыз, бірақ ішкі саясат департаменті жаңа әкім тағайындалғаннан кейін БАҚ туралы заңды өрескел бұза отырып, бізді екі аптадан бері бүкіл шараларға неліктен қатыстырмай отыр), бәрі бір кісідей Конституция күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысу үшін драмтеатрға қарай бет алған.

«Ақ үйдегі» дереккөзіміз салтанатты мәжілістен кейін облыс әкімі халыққа таныс үндеуге қол қойған облыстық мәслихат депутаттарын сұхбаттасу үшін жинағанын хабарлады.   

Бүгін, дереккөзіміз хабарлағандай, облыс әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды. Тимуржан ШАКИМОВ 1962 жылы дүниеге келген, Куйбышев (қазіргі Самара қаласы) құрылыс институтын тәмамдаған. Бұрын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары боп қызмет атқарған, Б. Ізмұхамбетов парламентке кеткеннен кейін әкім кеңесшісі қызметінде қалған.

«АЖ» редакциясы

29 тамыз 2012, 22:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.