AZATTYQ.ORG. «Жас әйел үшін қайтып келгеннен өлген артық па?» - "Қалия" деген лақап атпен танылған Ақмаржан Көшербаева – Қазақстандағы ерте жүктілік, әйелдер құқығы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ашық айтатын аз әншінің бірі. Азаттық тілшісі әншімен сұхбаттасып, әлеуметтік белсенділікке қалай араласқанын және "16 жастан жасанды түсік жасауға рұқсат беруді" ұсынған билік бастамасын неге қолдағанын сұрады.
QAZAQTIMES.COM. «Айдос Сарым: Назарбаевқа 98 пайыз дауыстың қажеті жоқ» - Қазақстанды көп ұлтты ел деп айтамыз ғой. Жалпы, осы Қазақстан кімнің мемлекеті?
«Тәжікстан билік транзиті: «Тақ мұрагері» кім?» - Тәжікстанда бір жылдан кейін парламент және президент сайлау өтеді. Осыған байланысты бүгін біз елді ұзақ жылдар бойы басқарып келе жатқан Эмомали Рахмоннан кейін билік басына келетін тақ мұрагерлері мен билік транзиті кезінде болуы мүмкін жағдайларға қысқаша тоқталуды жөн көрдік.
«28 жылдағы ең төменгі көрсеткіш: 2019 жылы Қытай экономикалық өсімі құлдырауы мүмкін» - Қытай экономикасына қатысты көптеген жағымсыз мәліметтерге байланысты, сол елдің премьер-министрі Ли Кычяң (Ли Кэцян ) 14 қаңтар күні Мемлекеттік Кеңестің пленарлық отырысында баяндама жасап, экономиканың құлдырау қысымына төтеп беру үшін, экономикалық өсімді «лайықты кеңістікке» бағыттау керек дегенді ортаға салды.
EGEMEN.KZ. «Теңге бағамының тұрақтылығы сақтала ма?» - Ұлттық банк өткен жылдың соңында 2018 жылғы IV тоқсан мен 2020 жылғы II тоқсан аралығындағы инфляцияға болжам жасап, Мемлекет басшысының инфляцияны біртіндеп азайту туралы тапсырмасы аясында 2018 жылы инфляцияны 5-7 пайыз аралығында болады деп белгіледі. Жыл қорытындысы бойынша ұлттық валютаның құнсыздануы 5,3 пайызды құрады. Ал 2019 жылы инфляцияны Ұлттық банк 4-6 пайыз аралығында сақтаймыз деп жоспарлап отыр.
QAMSHY.KZ. «Заманбек Нұрқаділов: Алматының әкімі болу жеккөрінішті жұмыс еді» - 15 қаңтар саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің туған күні. Егер көзі тірі болғанда 75 жасқа толар еді. Марқұм осыдан 10 жыл бұрын «Status guo» бағдарламасына сұхбат берген. Аталмыш сұхбатын Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.
«Иса пайғамбар (а.с.) қазақ болған» - Заратушра қазіргі Орал өңірінде дүниеге келген. Ал Иса пайғамбар (а.с.) қазақ ұрпақтарының өкілі болған. Бұл туралы қазақстандық математик Қайрат Закирьянов мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі EADaily сайтының дерегін негізге алып. Оның айтуынша оның бұл тұжырымдамасын ешқандай тарихшы жоққа шығармаған.
ULT.KZ. «Қытайдың Қазақстанды жаулайтын геосаяси жоспары жоқ» - Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо екі ел арасындағы қарым-қатынасқа байланысты жазылатын түрлі жазбаға қатысты пікір білдірді.