Атырау, 27 желтоқсан 01:09
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Жүктеу арзанға шығады

2 612 просмотра

Атыраулықтар қандай кітап оқиды? Алматы саяси зерттеу институтының социологтары қызықты мәліметтерді анықтады. Атырау Қазақстандағы басылым оқымайтын үштіктен орын алыпты. Ал іс жүзінде солай ма? Біздің тілшіміз жергілікті кітап дүкендерінің сатушылары арасында блиц-сауалнама жүргізіп, анықтаған болатын.

БІЗ ІЛГЕРІ КЕТКЕНБІЗ

Кітап сатушыларының пікірінше, Атырауда мәдени мешеуліктің салдарынан емес, жаңа технологияның дамуына қатысты проблема бар екен. Кітапты кімдер сатып алады? Негізінен 40-тан асқан адамдар алады екен. Олар қағаздағы мәтінді әлі де аңсайды.

– Бірақ кітап сөрелерінде сенделіп, ақша шығындағаннан гөрі, кітапты ұялы телефонға немесе флэшкаға жүктеп алған арзан әрі оңай. Мен өзім солай жасаймын, – деп бөлісті кітап дүкенінің сатушысы.

– Клиенттеріміздің жүздері таныс, өйткені олардың саны  онша көп емес, – дейді Атыраудағы басқа бір танымал кітап дүкенінің сатушысы Бауыржан САДАҚБАЕВ. – Кездейсоқ келетіндер де бар, бірақ олар өздеріне ұнаған фильмдерді көргеннен кейін келеді.

Халық арасында дүрлігіс туғызған кітаптар аз емес. Мәселен, Стефани МАЙЕРДІҢ «Ымырт» дастаны мен Джоан РОУЛИНГТІҢ «Гарри Поттері». Соңғы кітап бірер жыл бұрын жасөспірімдердің аузынан түспей, санаулы сағаттарда дүкен сөрелерінен жоғалатын.

«ҚАЛАЙ АСЫП ТҮСУГЕ БОЛАДЫ?»

Сатушылар атап өткендей, «практикалық» әдебиеттер көңіл көтеретін басылымнан гөрі үлкен сұранысқа ие. Егер мектеп оқулықтарының төңірегіндегі маусымдық дүрбелеңді есептемегенде, кәсіби тақырыптағы кітаптар: бухгалтерлік есеп, бағдарламалау және бір таңқаларлығы, психология бұлардың арасында бірінші орынға ие, әсіресе шетелдіктер арасында.  Әйелдер де, еркектер де, жасөспірімдер де ішкі жан-дүниеге үңілуге тырысады. Көбінесе Дейл КАРНЕГИДІҢ «Как приобретать друзей и оказывать влияние на людей» деген секілді, Вадим ЗЕЛАНДТЫҢ, Пол ЭКМАННЫҢ және т.б. кеңес беретін кітаптарын сатып алады.

Көркем әдебиет бөлімдерінде оқырмандар фэнтези жанрын-дағы (кейбір лордтар мен кейіпкерлер, сарбаздар мен сиқыршылар, кісі өлтірушілер, балгерлер, айдаһарлар туралы) кітаптарды іздейді. Саттықта Джордж МАРТИННІҢ «Игра Престолов» және Стиг ЛАРССОННЫҢ «Девушка с татуировкой дракона» деген детективі көш басында тұр екен.

Атыраулықтар ғылыми және анықтама әдебиетін, шетел классикасы мен биографиясын өте сирек сұрайтын көрінеді.

Ал жеңіл махаббат хикаялары мен балалар әдебиеті, сатушылардың растауынша, сұраныстан қалмайды екен.

Анастасия ПАСТУХОВА

29 тамыз 2012, 23:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.