Атырау, 27 желтоқсан 00:28
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Мектепке 9 835 бүлдіршін барады

2 177 просмотра

1 қыркүйекте біздің облысымызда мектеп партасына шамамен 95 мың бала отырмақ. Бірақ өз оқушыларын қабылдауға мектептердің барлығы бірдей дайын емес.

Ұстаздардың дәстүрлі тамыз конференциясында сөз алған облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ 198 мектептің ішінде 85 мектепке күрделі жөндеу керек екендігін және 11-нің апатты жағдайда екендігін атап өтті. Әлі күнге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептердің оқушылары уақытша өз мектептеріне жақын маңда орналасқан оқу мекемелеріне жіберілмек.

– Соңғы 3 жылда облыста 15 жаңа мектеп салынса, тағы да 5 типтік ғимараттар салынып жатыр. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін олар өз оқушыларын қабылдауға міндетті. 3 апатты мектеп күрелетін болады, - дейді облыстық білім беру басқармасының бастығы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ. Ол сондай-ақ, 2012-2013 оқу жылына 300,4 млн теңгеге 895 мың оқулықтар сатып алынатындығын уәде етті. Осылайша, 1-ші, 7-ші, 8-ші сыныптар үшін оқулықтар жиынтығы толығымен жаңартылады екен. Дегенмен, мұндай уәделерге сене қоймаған ата-аналар үйреншікті әдеттеріне сай жергілікті кітап дүкендерінен оқулықтарды өздері сатып алуда. Сондай-ақ, кеңсе тауарлары дүкендерінде де қызу сауда жүргізілуде.

Балабақшалардағы жағдай көңіл көншітпейді, 120 балабақшаның 43-не күрделі жөндеу жүргізу керек. Жөндеу жұмыстарынан басқа олардың техникалық базасын жарақтандыру, жиһаздар және оқу құралдарын алу керек. Мемлекеттің «Балапан» бағдарламасы бойынша соңғы екі жылда екі балабақша ашылды.Жұмыс істеп тұрған балабақшаға 14 жалғама құрылыс салынды. 97 шағын орталықтар және 4 жеке мектепке дейінгі мекемелер бар. Бүгінгі күні облыста 120 балабақша, оның 6-уы жеке және 324 шағын орталықтар жұмыс жасайды. Облыстық білім беру басқармасының мәліметтері бойынша, облыста орташа есеппен алғанда балабақшадағы 100 орынға 125 бала үміткер. Атырау қаласында 150 бала. Бір топтағы 20-25 баланың орнына 60 баланың орналасуы жиі кездесетін жағдай. Мұндай жағдайларда балаларды мектепке толыққанды дайындау өте қиын. Сондықтан да мүмкінідіктері бар көптеген ата-аналар мектепке дейінгі топқа жеткен балаларын алып, оларды мектептердегі дайындық сыныптарына береді.

Биылғы жылы бірінші сыныпқа 9835 бала барады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

29 тамыз 2012, 23:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.