AZATTYQ.ORG. «Қоғамдық қызметке тұсау салу» - Қазақстанда сот азаматтық белсенділер мен оппозиция жетекшілеріне үкім шығарғанда көбіне негізгі мерзімге қосымша жаза ретінде қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салады. Сот өкілдері мұндай шара заңға сәйкес қолданылатынын айтады. Құқық қорғаушылар бұл халықаралық құқыққа қайшы деп санайды.
QAZAQTIMES.COM. «Кеңес-Қытай қарым-қатынасы: Қытайда коммунистік жүйе қалай орнады?» - Ресейде 1917 жылғы революциядан кейін жаппай коммунистік жүйе орнай бастады. 1919 жылдың наурызда Коммунистік Интернационал Мәскеуде құрылды және коммунизмді бүкіл дүниеге тарату мақсатында әр елге жансыздарын жіберіп жатты.
INFORMBURO.KZ. «Қазақстандағы "Қабірстан" неге даңғазалық пен бос мақтанның белгісіндей?» - Отбасы бюджетіне салмақ түсіретін тойдағы ысырапты жазғанбыз. Бүгінгі тақырып – күмбезді зират салып, қымбат құлпытас қою бәсекеге айналды
«Қазақстанда арзан әуе билеттерін қалай сатып алуға болады?» - Іnformburo.kz редакциясы саяхаттағанды жаны сүйетін, алайда артық ақша жұмсағысы келмейтіндерге жадынама әзірледі.
ABAI.KZ. «Тәуелсіздік алғалы оқсыз-қарусыз 4 миллион "азаматымыздан" айырылдық» - Біздің көңілімізді елең еткізген мына бір дерек болды. Тәуелсіздік алғанымызға 27 жылдан асты. Осы уақыт ішінде Қазақстанда барлығы 4 миллионнан астам түсік жасалыпты. Сенесіз бе? Төрт миллионнан көп. Түркістан газеті қай жылы қанша түсік жасалғанын рет-ретімен көрсетіпті. Трагедиялық көрсеткіш. Күнделікті «пәлен жерде түгленнің қызы түсік жасатыпты» деген суық сөзге де құлақ-етіміз үйренген. Сондықтан болар, аса ерен санамайтын сол бірді-екілі әңгіме, бүгінде үлкен цифрға айналған...
«Дос Көшім. Қарағандыға қатысты ой...» - Күнтізбелік жаңа жылымыздың алғашқы күні Қарағанды қаласында болған қайғылы жағдай қазақ қоғамын тіксінтіп те, сілкінтіп те тастады. Алайда, бұл оқиға да халықтың дүрлігуімен, ашу-ызаларын әлеуметтік желіге салуларымен, биліктің бар күштерін салып, «бұл – ұлтаралық мәселе» емес деп, ақталуымен, т.т аяқталатын сияқты.
QAMSHY.KZ. «Президент сайлауы: Трамптың бәсекелесі кім?» - 11 қаңтар, жұма күні Палата өкілдерінің мүшесі Тулси Габбард 2020 жылы АҚШ президенттігіне өзін үміткер етіп ұсынды.
«Шырайлы шаһарлар суға шөгіп барады – 6 қала жер бетінен жойылуы мүмкін» - Жыл сайын теңіз деңгейі көтеріліп, әлемге әйгілі қалалар мен теңдессіз туристік орындарды су басу қауіпі артып келеді.
«”Өсімдіктер дүниесін қорғау туралы” заң болғанда Алматыдағы алманы сақтап қалар едік...» - Осыдан бірнеше жыл бұрын жабайы алманың эволюциялық тарихын зерттеу кезінде шетел ғалымдары әлемдегі алма атаулының арғы атасы Қазақстанда, оның ішінде Алматыда екенін ғылыми деректермен дәлелдеді. Яғни алманың отаны – Алатау! Генетик ғалымдардың «Nature Communications» журналында жарияланған зерттеуі бойынша, «Malus domestica» атты алма сұрыбы біздің елімізден тараған.
«Қажымұқанның француз әйелінен туған ұрпақтарынан шақырту келген» - Күш атасы – Қажымұқан атамыздың өмірінде төрт рет үйленгені белгілі. Ал бесіншісі...Францияда француз әйелінен туған ұрпақтары бар екен.