Атырау, 23 сәуір 20:23
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«А» аралындағы өрт

2 079 просмотра

5 тамызда сағат 20.15-те жасанды «А» аралында KE-A07ST2 ұңғысының шахтасында дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт тұтанды, деп хабарлады «АЖ»-ға Атырау облыстық төтенше жағдай департаментінің жауап алу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Рустам АБУЕВ.

- Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде мұнай өнімдері мен ағаш қалып тұтанып, әрі қарай түтіндеген, - деп түсіндірді Р. Абуев. – Аралдың бүкіл қызметкері, қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша, осындай жағдайлар үшін орнатылған орынға жиналды. Ерікті өрт сөндіру жасағының мүшелері кешкі сағат тоғызға қарай өртті толығымен өшірді.

Осы факт бойынша нысанды қарайтын Аджип ККО компаниясына өрттен техникалық тексеру және «Сайпем» мердігер компаниясында өрт қауіпсіздігі техникасының сақталуы бойынша тексеру тағайындалды.

Р. Абуев әңгіме барысында өрт тұтанған шахтадағы ұңғының тұмшаландырылғанын атап өтті. Олай болмағанда өрт салдары мүшкіл болар еді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

29 тамыз 2012, 23:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.