Атырау, 14 қараша 05:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

«Ақ үйдің» жартылай қорғаушылары

2 428 просмотра

27 тамызда Атыраудың кейбір сайттарында облыстың бұрынғы әкімін қорғаған жұртшылықтың екі жаңа үндеуі пайда болды. Бірі – Қызылқоға ауданының ардагерлері атынан, екіншісі – танымал партияның «Жас Отан» қанатының жетекшілері, белсенділері, басқа жастар бірлестіктері мен үш танымал спортшының атынан жазылыпты. Біз көпшілікке мәтінді жариялау қажет деп таппадық, олардың мағынасы алдыңғы ашық хаттардан-ақ түсінікті. Оның үстіне, бұрынғы әкімнің достары өз қатарларына тәжірибесіз жастарды тартып, қауіпті шеңберге аяқ басып отырғаны белгілі болды.   

Облыстық әкімдіктегі дереккөз, шақырылған жастар тобымен кездесу барысында, мәселен, аталмыш хатта көрсетілген 13 адамның тек 3-уі ғана қол қойғаны анықталғанын хабарлады. Ал спортшылардың фамилиялары да қағаз жүзінде көрсетілген екен. Сондықтан әлдекімдер алаңға шығады екен деген қауесеттер негізсіз.

Жаңа команда құрамында бар болғаны бірнеше күн облыс әкімінің орынбасары болған Болат ДӘУКЕНОВТІҢ тек кеше ғана «Нұр Отан» партиясының Атырау филиалының төрағасы лауазымынан босатылғанына көңіл аудартқан дереккөз аталмыш үндеулерді ұйымдастырушы кім болуы мүмкін екендігін аңғартты. Ал бізді діни экстремистер деп атап, американдықтардан ақша алып отыр деп айыптаған сол сайттардағы мақалаға әжуамен қарадық.

«АЖ» редакциясы

29 тамыз 2012, 20:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.