AZATTYQ.ORG. «Дінмұхамед Қонаев: Сілкінсем қайтеді деген бір ой түрткіледі» Қаңтардың 12-сі Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 107 жыл толды. Советтік Қазақстанды ширек ғасыр басқарған Қонаев Совет одағының басшыларын сайлауға қатысты. Қызметінің соңғы жылы сол кездегі министрлер кеңесін басқарған Нұрсұлтан Назарбаевпен арасы суыды. Назарбаев кітаптарында Қонаев қайтыс болардан бір ай бұрын әңгімелесіп түсініскенін айтады. Кейін Қонаев пен Назарбаевты қатар қойып, ұлықтайтын хикаялар пайда болды.
«Президент сайлауы тақағанда мұрагер жайы қозғалады» - Орталық Азия елдерінде президент сайлауы тақағанда, кандидаттар емес, мұрагерлер жайлы жиі айтыла бастайды.
«Манхэттендегі процесс: БТА банк Әблязовтің күйеу баласын айыптайды» - Осы аптада Батыс басылымдары қазақстандық БТА банктің оның бұрынғы басшысы, Ақорданың оппоненті Мұхтар Әблязовтің үстінен түсірген шағымына қатысты жаңалықтарды талдаған. Bloomberg-тің хабарлауынша, Әблязовтің күйеу баласы миллиондаған долларлық келісім жайлы деректер жазылған "электронды поштадағы хаттарды жойды" деген күдікке ілінген.
EGEMEN.KZ. «Білім саласындағы жаңа өзгерістердің тиімділігі неде?» - 11 желтоқсан күні Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Фейсбуктағы өз парақшасында енді Қазақстанда магистратура мен докторантураға түсу ережелері өзгеретінін жазды. Өзгерістер келесідей болмақ.
QAMSHY.KZ. «Алдағы бес жылда Қазақстан ішерге су таппай қалуы мүмкін» -Халықаралық нарықтағы ең ірі инвестициялық банк саналатын «Goldman Sachs» банкінің сарапшылары алдағы бес жылдың ішінде Орта Азияда су үшін тартыс өрши түсетінін алға тартып отыр.
«Қонаевтың өмірінде 2 санының қандай құпиясы бар?» - 12 қаңтар – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. «Көрнекті тұлғалар өз елінің не бағына не сорына туады», — дейді ескі мақалда. Қазақтың қарапайым Қонаевы – құт қонған елдің көсегесін көгертуді қызметтік борышы еткен қайраткер ретінде ел есінде қалған еңселі тұлға. Оқырман назарына Qamshy.kz ақпарат агенттігі қаңтарда туған қайсар тұлға туралы қызықты деректер ұсынады.
ABAI.KZ. «Қайрат қайда кетті?» - 26 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев су жаңа Сыртқы істер министрін тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды. Сөйтіп екі жыл бойы аталған министрліктің екі шылбыр, бір тізгінін қолында ұстаған Қайрат Әбдірахманов қызметінен босатылды.
INFORMBURO.KZ. «Биыл Қазақстанның білім саласында не өзгереді?» - Іnformburo.kz редакциясы білім саласында 2019 жылға жоспарланған бірқатар өзгерістерді түгендеді.