Атырау, 27 желтоқсан 00:27
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Үй басқарушы қашып кетті

1 938 просмотра

Жылу маусымы қарсаңында Сарыарқа мөлтекауданын-дағы  тоғыз қабатты №39 үй жылу маусымына мүлдем дайын емес. Ал тұрғындар болса, осы үйді қамтамасыз етіп отырған «Өтепбаев» ЖК-не төленуге тиісті ай сайынғы төлемдерін төлеп келеді.  Одан бөлек, тұрғындар ЖК-ның коммуналдық қызметтерге үлкен көлемде қарыз болып қалғанын айтып отыр.

- Бұл ЖК біздің үйімізге өткен жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет көрсетіп келеді. Сол уақыттан бері біз пайдаланған қызметтер төлемін  төлеп отырдық, кәсіпкер үнемі подъезд маңына түскен материалдық қаржылардың есебін іліп қоятын, - дейді үй тұрғындарының бірі. – Енді міне, күтпеген жерден біз Исатай даңғылы бойындағы №58 үйге қызмет көрсететін «Виктория»  ПИК-нен сол үйге және біздің үйімізге ыстық су және жылу беретін жылу қазандарының біздің үйді қамтамасыз етуге дайын еместігін баяндаған хабарламаны алдық. Жылу қазанының өзін, оған жүргізілетін су құбырын, кәріз желілерін  өзіміз жөндеуге тиістіміз. Жылу трассасын жөндеуге біз жазда пәтер басынан   10 000  теңгеден жинадық, бірақ күні бүгінге дейін ештеңе жасалған жоқ. Сондай-ақ, «Өтепбаев» ЖК- ның  «ОблТрансГаз» ЖШС алдында жылу қазанына берілген  газ үшін жарты миллионға жуық бережағы бар екендігі анықталды. Су үшін 80 мың теңге, ал лифт қызметі үшін 250 мың теңгеден астам бережағы бар болып шықты.  Бұл өте  үлкен қарыз. Оның үстіне, телефонға, электр энергиясына және қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарыздары бар.

Тұрғындардың айтуынша, аталмыш үйде тұратын он шақты тұрғыннан құрылған бастамашыл топ кәсіпкерге бірнеше сұрақтар қойып, жауап беруін талап  еткен кезде ол барлық құжаттарды өзімен бірге алып, көзден таса болған.

Өткен аптаның  ішінде ОблТраснГаз «Өтепбаев» ЖК-мен келісім-шартты бұзып, бұл үйді ыстық сумен қамтамасыз ететін жылу қазанына газ беруді тоқтатты.

Бізде бұрын да ыстық суға қатысты іркілістер болып тұрды, сондықтан да көптеген пәтерлерде бойлерлер орнатылды. Бізді  басқа бір мәселе алаңдатып отыр: одан әрі не күтуге болады? Бүгін біз жылы сусыз қалсақ, ертеңгі күні лифтіміз тоқтайды. Одан кейін көшедегі, подъездегі жарық өшеді. Алдымызда қылышын сүйреткен қыс күтіп тұр. Енді оның бережағын кім өтейді? Біздің ақшамызды кім қайтарып береді? - дейді тұрғындар.

Біз Өтепбаев мырзамен байланысуға тырысып көрдік, бірақ ол біздің бірде-бір қоңырауымызға жауап берген жоқ.

Бұл жағдайға қатысты ПИК ассоциациясы төрағасының орынбасары  Гүлнар САЛИХОВА түсінік берді:

- Жылу маусымына дайындық жөніндегі комиссия бұл үйге қатысты «алдағы қысқа мүлдем дайын емес» деген қатал үкім шығарды. Ондағы атқарылар жұмыс шаш етектен келеді.  

– Қыс болса келіп қалды, ендігі жерде тұрғындар қайтпек?

– Алдымен оларға өз ПИК-ін құру керек  немесе көрші «Виктория» ПИК-не бірігу керек, не болмаса тұрғындар ішінен үй басқарушысын таңдаулары қажет.  Ол үшін басқарма  мүшелеріне болашақ үй басқарушысымен  тұрғын үй қорын басқару құқығымен бірге жалға беру келісім-шарты  жасалуы тиіс.

- Тұрғындар өздеріне қызмет көрсетуші ЖК коммуналдық қызметке бережақ болып қалғандығын айтып отыр. Енді ол қарыздарды кім төлейді? Тұрғындар қазірдің өзінде ыстық сусыз қалды

– ПИК құру немесе үйдің басқа ПИК-не  кіруі барысында қарыздар есепке алынбайды. Ол үшін жауапкершілік  осы қарызға жеткізген кәсіпорынның  мойынына жүктеледі. ПИК монополистермен және коммуналдық қызметтермен жаңадан келісім-шарттар жасайтын болады. Егер адамдар үй басқармасын тағайындауға шешім қабылдаса, оларға жеке тұлғаға құқық иеленуші ретінде оның алдындағы жауапты тұлғаның қарыздарға қатысты барлық жауапкершілігі жүктелетіндігін ескерулері керек. Оларға қызмет көрсеткен ЖК қызметінің қаржы бөлігіне келетін болсақ, егер адамдар осыған қатысты  былықтарды білетін болса, сотқа және құқық қорғау орындарына шағымдануға болады. Алайда, қазіргі бірінші кезектегі мәселе – қысқа  дайындық.

– Көптеген тұрғындар кәсіпкермен келісім-шартқа отырып үлгермегендеріне алаңдаулы. Соған қарамастан олар пайдалану шығындарын төлеп отырған.

- Егер қолдарында түбіртектері болса, олар ақшаны төлегендерінің   тікелей дәлелі болып табылады.

- Сарыарқа мөлтек ауданын-дағы №39 үйдің жағдайы кез-келген үйдің тұрғындарының басында кездесуі мүмкін. Тұрғындар өздерін қауіп-қатерден қалай сақтау керек?

– ПИК жұмысына белсенді түрде қатысу керек. Сондай-ақ, кез-келген уақытта ПИК қаржы құжаттарын тексеруге құқылы тексеру комиссиясын құру керек. Кемшіліктер  болса, оларды дер уақытында анықтап  отыруы тиіс.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

29 тамыз 2012, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.