Атырау, 5 қазан 14:33
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тұрбалар бітеліп қалған

1 729 просмотра

20 тамыздан бастап №1 мектепке дейінгі авторлық гимназия балаларды қабылдауды тоқтатты. Ресми түрде бұған себеп судың жоқтығы делініп отыр. Алайда балабақшада зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналардың мектепке дейінгі мекемеде жұқпалы ауру табылған болар деген күдіктерін туғызған. Балалардың бірінен В гепатиті анықталған деген жорамалдар айтылды.

Комментарий алу үшін Атырау қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына хабарластық. Басқарма бастығының орынбасары Айбарша МҰРАТОВАНЫҢ жазбаша жауабына сәйкес, балаларды қабылдау канализациялық жүйенің жарамсыздығына байланысты 20 тамыздан бастап уақытша тоқтатылған. Қазіргі уақытта байқау құдықтарында жөндеу және тазарту жұмыстары жүргізілуде. Зарарсыздандыру жертөле орынжайы мен бірінші қабат жөнделгеннен кейін жүргізіліпті. Ең бастысы – бүгінгі күні В және С вирустық гепатитімен ауыру жағдайлары тіркелмеген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 тамыз 2012, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.