Атырау, 27 желтоқсан 01:26
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«Қара алтынның» заңсыз қоймасы

1 926 просмотра

Жылыой аудандық прокуратурасы «Нұржанов» кен орнындағы ірі көлемдегі мұнай қалдығының заңсыз сақталғанын анықтады.

Эколог мамандарының қатысумен акт жасақталып, аудандық прокурорлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 250-бабы 2-бөлігі бойынша («Жерді бүлдіру») Жайық-Каспий экология департаментіне жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту және қоршаған ортаға келтірілген зиянды анықтау туралы ұсыныс берді.

- «Нұржанов» кен орнының иелеріне 283 мың теңге айыппұл салынып, қоршаған ортаға келтірілген залал ретінде 877 мың теңге көлемінде кінәрат қойылып, ол мемлекет пайдасына өндірілді, - дейді Жылыой аудандық прокурорының көмекшісі Марат ЕРМЕКОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 тамыз 2012, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.