Атырау, 27 желтоқсан 00:24
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Атырауда жасалған

2 814 просмотра

«Қазақстанның үздік тауарлары» көрме-байқауына қатысуға ниет білдірген атыраулық өндірушілердің саны биылғы жылы айтарлықтай өсті. Нақтырақ айтсақ, 19-дан 36-ға жетті.

Кәсіпорын өнімі үш номинация бойынша: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған тауарлар», «Азық-түлік тауарлары» деп бағаланды. Биылғы байқауға  қатысушылардың тізімі өндірістік мақсаттағы тауар және халық тұтынатын тауар өндірушілер есебінен айтарлықтай көбейді.

Атырау облысы бойынша метрология және техникалық реттеу комитеті депар-таментінің директоры Лес БАЙМҰҚАШЕВТІҢ пікірінше, көрмеге және байқауға қатысу үшін жаңа сату нарығын табу мүмкіндігі қосымша ұмтылыс болып табылады. 

- «Тұз» ЖШС Астанада өткен республикалық байқауға қатысқанға дейін тек біздің аймағымызға ғана танымал болған еді. Бүгінгі күні ол өзінің тұтынушыларын республикадан да тапты, - деп атап өтті Баймұқашев.  

«Эталон Термопласт» ЖШС – көрмеге алғашқылардың бірі болып қатысқан кәсіпорындардың бірі. Біздің нарықта бар-жоғы бірнеше ай жұмыс істей бастаған жас кәсіпорын үшін жұртшылық алдында өзі туралы мәлімдеуге және өз өнімдері – ғимараттың жер асты бөлігін, іргетасты және қабырғаларды қаптайтын жылу өткізбейтін құрал- пенопласты сатып алушыларды тартуға  керемет мүмкіндік болды.  Байқауға қатысқан тағы бір жаңа кәсіпорын - кондитер өнімдерін шығарушы «Гүлеке» кәсіпорны.

– Біздің өніміміз қаланың барлық суперматкеттерінде саттыққа шығарылды, ал енді біз өз тауарымызды көрмеге алып келдік. Көрмеге келушілер біздің өнімдеріміздің Атыраудағы басқа да танымал кондитерлік кәсіпорындардың өнімінен кем түспейтінін, сапасының жоғары екендігіне көз жеткізсін, - дейді менеджер Олеся БАГАУТДИНОВА.

«Атырау Сауда» өнімдері облысқа белгілі, бұл көрмеге олар жаңа жабдықтарда өндіріліген шұжық өнімдерінің жаңа бір желісін ұсынды. Мақаттың керең-мылқаулар қоғамының «Мейірім» тігін цехы мектеп формасын, арнайы киім-кешекті, төсек жиынтықтарын тігеді. Кәсіпорын жылдан жылға тұрақты өсіп келеді.

Аймақтық байқаудың жеңімпаздары Астанаға барады. Республикалық байқауларға қатысқа жеті жылдың ішінде ең үздік нәтижені «Брандо» ЖШС көрсетті, олар «халыққа арналған тауар» номинациясында 1-орынды жеңіп алды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

29 тамыз 2012, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.