Атырау, 27 желтоқсан 01:23
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«Ала жаздай ән салып...»

4 850 просмотра

Махамбет ауданындағы мектептер оқу жылына дайын емес. Аудандағы 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына бір ай қалғанда ғана басталған.

Бұл төрт мектеп 40 жылға жуық күрделі жөндеу көрмеген. Әбден тозығы жеткен. Есік, терезе, едендерінің ақ жемдері шығып, сылақтары түсе бастаса, токтар қауіп төндіруде. Шатырлар да күрделі жөндеуді қажет етті.   

Бұл төрт мектеп 40 жылға жуық күрделі жөндеу көрмеген. Әбден тозығы жеткен. Есік, терезе, едендерінің ақ жемдері шығып, сылақтары түсе бастаса, токтар қауіп төндіруде. Шатырлар да күрделі жөндеуді қажет етті.    

- Біз балаларымыздың кең, сәулетті, жарық орында оқығанын қалағанбыз. Бірақ осы жөндеу жұмысын оқу жылы аяқталғаннан кейін неге дереу бастамаған. Олай еткенде балалардың сабағына кедергі болмас еді. Әр жерде бытырап оқыған оқушылардың сабақ үлгерімі түсіп кете ме деп алаңдап отырмыз,- дейді ата-аналар. 

Биылғы күрделі жөндеуге іліккен Ағелеуов, Алға, Қ.Қарашаұлы, Қызыл үй орта мектептерін жөндеуге 423 млн теңге қаралған. Қаржымен демеушілік жасаған – «КТК-К» компаниясы.

Мектептердегі күрделі жөндеу жұмысы желтоқсан айының соңында толық аяқталуы тиіс.

- 1979 жылы салынған 320 орындық мектебіміз әбден тозығы жеткен болатын. Сондықтан күрделі жөндеу жүреді дегенге қатты қуандық. Бірақ бұдан оқушылар қиындық көрмейтін болады. Бастауыш сыныптар оқитын ғимаратты жаңа оқу жылына дейін даяр етеді деп отырмыз. Ал қалған оқушылар осы селодағы колледж ғимаратында түстен кейін оқитын болады. Колледждің студенттері таңертең оқитын еді, - дейді Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің директоры  Паңгерей ДЮСЕЕВ.

800-ден астам оқушысы бар Ағелеуов орта мектебінің балалары Махамбет селосындағы гимназияның бір бөлігінде оқымақшы. Ал даярлық тобындағылар «Алтын балық» балабақшасында оқуын жалғастырмақ. Алға мектебінің оқушылары оқитын орын да белгіленіп қойылған.

Бүгінде проблемасы толық шешілмеген - жалғыз Ақжайық селосындағы Қызыл үй орта мектебі. Қызыл үй орта мектебінің директоры Нұрлыбек КЕНЖЕҒАЛИЕВ 200-ге жуық оқушының бір бөлігі балабақшада оқиды деп отыр. Ал қалғаны белгісіз.

Ақжайық селолық округінің әкімі Сайлаубай ЖҰМАҒАЛИЕВ мәдениет үйі уақытша пайдаланылуы мүмкін дегенді алға тартуда.

- Жасыратын түгі жоқ, мектептердің жөндеуі қуантып тұрғанымен қиындық та туғызуда. Мектептегі оқу сапасының төмендеп кетпеуін басты назарға ұстап отырмыз, - дейді Махамбет ауданы әкімі Өмірзақ ЗИНУЛЛИН. -Қызыл үй орта мектебінің оқушылары балабақшада, болмаса мәдениет үйінде, тіпті бір жеке адамның ғимаратын уақытша аламыз ба деп отырмыз. Қайтсек те бұл қиындықтан шығатын боламыз. Оның үстіне күрделі жөндеуді жүргізіп жатқан мердігер компаниялар барынша жұмысты мерзімінен бұрын тез бітіруге күш салуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

29 тамыз 2012, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.