Атырау, 18 желтоқсан 23:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Назарбаевтан кейінгі Қазақстан не болмақ?», «Толғанай Үмбетәлиева: Элита мұрагер жайлы келісімге келмеді», «Сотталған кәсіпкердің жақтастары сотта шу шығарды», «2019 жылдан бастап жол ережесіне қатысты не өзгереді?», «Экономикалық болжам не дейді?».

5 937 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Назарбаевтан кейінгі Қазақстан не болмақ?» - 2018 жылы еліміздің саяси өміріндегі кей оқиғалар билік транзитіне жан-жақты дайындық жүріп жатқанын әйгіледі. Саясаттанушы, Тәуекелдерді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтбаев қазіргі транзит механизмі президент Н.Назарбаев көзі тірі кезде ғана жұмыс істейді, сондықтан биліктің қандай жолмен және кімге ауысатыны белгісіз деп есептейді. 2018 жыл аяқталар тұста Досым Сәтбаевпен басты саяси оқиғаларға талдау жасап, Назарбаевсыз Қазақстан тап болатын мәселелерге үңіліп көрдік.

«Толғанай Үмбетәлиева: Элита мұрагер жайлы келісімге келмеді» - Саясаттанушы, Орталықазиялық демократияны дамыту қорының жетекшісі Толғанай Үмбетәлиева Денис Теннің өлімінен кейін ішкі істер министрі Қ.Қасымовты отставкаға кетіріп, құқық қорғау органдарын реформалау жөніндегі жұрт талабы қоғамда бұрқ-сарқ қайнап жатқан жүйеге қарсы жаппай наразылықты сыртқа шығарудың бір жолы дейді. Билік мәселені шешпесе, мұндай азаматтық қарсылық бірте-бірте саяси талаптар қойылатын наразылыққа ұласуы мүмкін.

«Қанағат Жүкешов: “Рухани жаңғыру” — тұрмыстық дәстүрлерді насихаттап кетті» -  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мәдениет пен өнерге жаңа импульс әкелуге тиіс еді. Бірақ бар назар  бұқаралық санаға өзгеріс әкелетін, рухани дамуға арқау болатын конструкттерден жырақтап, екінші қатардағы, жалпытанымдық тетіктерді насихаттауға ауысып кетті.

AZATTYQ.ORG. «Сотталған кәсіпкердің жақтастары сотта шу шығарды» - Appport атты мобильдік қосымша арқылы Ақтөбеде тауар мен қызмет түрлерін жарнамалау жобасын құрып, жүздеген салымшы тартқан кәсіпкер Қуаныш Жақсыбаев алты жарым жылға сотталды. Оның жақтастары бұған қатты наразы болды. Шу-шұрқанды видеоға түсірген Азаттық тілшісін полиция ұстап әкетіп, кейін босатты.

QAMSHY.KZ. «63: Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасының кестесі шықты» -Қазақстанда 2015 жылы  зейнетақы заңнамасы өзгертілгеннен кейін, 2018 жылдан бастап кезең-кезеңмен әр 6 ай сайын әйелдердің зейнеткерлік жасы көтеріліп жатыр.  2027 қарай олардың зейнеткерлікке шығу жасы ерлердің зейнеткерлік жасымен теңесіп, 63 жасты құрайтын болады. 

INFORMBURO.KZ. «Зейнетақы, жалақы, салықтар. 2019 жылы қазақстандықтардың өмірі қалай өзгереді» - Елімізде заңдар мен ережелерге қандай өзгерістер енгізілді, Отандастарымыз жаңа жылдан не күтеді? Бұл туралы informburo.kz толығырақ айтып береді.

«2019 жылдан бастап жол ережесіне қатысты не өзгереді?» - Жол жүру ережелерінің бұзылуына қатысты қандай баптар бар? Айыппұл мөлшері қанша? Қалай төленеді? Айыппұлды төлемей құтыла аласыз ба?

AIKYN.KZ. «Экономикалық болжам не дейді?» - Жаңа жыл келген сайын ел экономикасының аяқ алысы қалай болады деген алаң көңіл болатыны белгілі. Тіпті жұрт арасында   базардан бірер айға жетер азық-түлігін қамдап алатындар әлі бар. Олардың түсінігінде қаңтар – қымбатшылық айы. Теңгенің теңселе бастайтын кезі де, көп жағдайда, осы қаңтар мен ақпанға тиесілі екен. Бұл нені білдіреді? Алдағы айларда экономикамызда қандай үдерістер орын алады: даму бола ма әлде кері кете ме? 


4 қаңтар 2019, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.