Атырау, 27 желтоқсан 01:12
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Көмекшіңіз болады

1 442 просмотра

І топ мүгедектеріне жеке көмекшілер бөлуге қатысты  проблема өз шешімін тапқанға ұқсайды. Қызмет көрсетуге орай өткізілген тендерді «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ жеңіп  алды.

Мүгедектердің жеке көмекшілері жөніндегі үкімет қаулысы 2006 жылы шыққан болатын, бірақ олардың жұмысын ретке келтірудің ешқандай сәті түспеді. 

– Оның мәнісі еңбекақының аздығына  байланысты болды. 2006-2007 жылдары олар 10 800  теңге алды. 2011 жылы жергілікті бюджетте қаржының жетіспеушілігі салдарынан олар  шамамен 3000 теңге ала бастады,сол кезде басқа аймақтарда оларға  17 000 теңгеден төлеп отырған,– дейді  соқырлар қоғамының төрағасы Қасынбек ЕСЕНБАЕВ.

Бұл мәселені ұйымдастырылған себептерге қарай реттеуге мүмкіндік туған жоқ. Әдетте мүгедек адамдарға жақын деген туысқандары қарайтын. Ал  заң бойынша әлеуметтік тапсырысты жеке көмекшілермен еңбек келісімін жасай отырып, заңды тұлға жасауға тиісті. Енді ол тұлға «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ болып анықталды.

- Қалалық мәслихаттың соңғы сессиясында көмекшілердің еңбекақысын төлеуге 30 млн теңге бөлінді. Жеке көмекшілерге Атырауда  85 мүгедек жан мұқтаж. Әрбір көмекшіге бір айдың нәтижесі бойынша қанша сома шығатындығын әзірге айту қиындау. Оның барлығы  оның жұмыс көлеміне байланысты,- дейді «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ жетекшісі Күлбаршын НҰРЖІГІТОВА.

ҮЕҰ көмекшілер ретінде мүгедектердің туысқандарын тартуды  және олармен келісім-шарт жасауды жоспарлап отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 тамыз 2012, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.