1 қыркүйекке дейін санаулы күндер қалды, ал кейбір мектептерде жөндеу жұмыстары енді ғана басталып жатыр. Алайда қалалық білім бөліміндегілер қараша айында жаңартылған мектептердің қайтадан өз оқушыларын қабылдауға дайын болатындығына сендірді.
Ата-аналар жөндеу жұмыстары мен осыған байланысты басқа мектепке уақытша ауысу оқу процесіне теріс әсерін тигізеді деп алаңдайды. Үйреншікті емес жаңа жер, ұйымдастыру тұрғысындағы қиыспаушылықтар балаларды оқудан алаңдататын болады. Әрине, неліктен күрделі жөндеу алда үш ай каникул болатын кезде емес, оқу жылының аяғында, күзде сабақ басталғанда әрі суық түсетін кезде басталып отыр деген сұрақ туындайды.
Біздің жазбаша сауалымызға қалалық білім беру бөлімінен қалалық білім беру бөлімінің бастығы Қайрат ХАБИЕВ қол қойған қысқа ғана жауап келді. Онда тамыз айында №12 мектепті, №17 мектеп-лицейді және Амангелді атындағы мектепті (Дамбы селосы) күрделі жөндеу басталғаны айтылыпты. Жөндеуді биылғы жылдың қарашасында аяқтау жоспарланған. №12 мектеп оқушылары бірінші ауысымды №9 мектепте (Уәлиханов көшесінің бойындағы), №17 мектеп-лицейдің бастауыш сыныптары таңертеңнен бастап №13 мектеп-лицейде (драмтеатр маңындағы Канцев көшесінің бойында), жоғары сынып оқушылары №10 мектепте (Алмагүл ықшам ауданында) оқитын болады. Амангелді атындағы мектептің оқушылары уақытша Оңғарсынова атындағы мектепте бірінші ауысымда оқымақ.
Қалалық білім беру бөлімінің тәрбие жұмыстары секторының меңгерушісі Ерік ОРАЛБЕКОВ ауызша сұхбат кезінде жөндеу жұмыстары қаржының бөліну уақытына байланысты кеш басталғанын атап өтті:
– Жөндеу жұмыстарын Каспий тұрба құбыры консорциумы есебінен жүргіземіз, оның бас кеңсесі Мәскеуде. Барлық процедураларға: бекітуге, қол қоюға, қаржылар бөлуге уақыт қажет болды. Алайда ата-аналардың алаңдамауларына болады, ешкім де үш ауысымда оқымайды. Осыған қарамастан бүкіл мектеп әдеттегі режимде, яғни екі ауысымда жұмыс істейтін болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ