Атырау, 19 желтоқсан 00:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Шығыны көп "ҚазАгро" зейнетақы миллиардтарын қайтара ала ма?», «Күрес күшейгенімен жемқорлық дес бермей тұр», «Путиннің сиқырлы таяқшасы қайда?», «Әзімбай Ғали: Ресей билігі Қазақстанның ішкі істеріне араласпақ», «Қытайдан қорқатындай негіз бар ма?».

2 698 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Шығыны көп "ҚазАгро" зейнетақы миллиардтарын қайтара ала ма?» - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 450 миллиард теңгесі (1,2 миллиард доллардан астам) "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингіне инвестиция ретінде салынды. 

«Күрес күшейгенімен жемқорлық дес бермей тұр» - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2018 жылы жемқорлық фактілері бұрынғыдан азайғаны туралы хабарлады. Кей сарапшылар «жемқорлықпен күрестің қазіргіден әлдеқайда тиімді жолы бар» дейді.

«2018 жылдың үздік 18 хикаясы» - 2018 жылы сайтымызда ең көп оқылған, қызу талқыланған 18 үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

«Путиннің сиқырлы таяқшасы қайда?» - 2018 жылы Ресейдегі президент сайлауында жеңген Владимир Путин елді алты жыл басқармақ. Соңғы уақытта Путиннің сыртқы саясаттағы әрекеттері көп мәселе тудырып, жағдайды біраз ушықтырып жіберді.

INFORMBURO.KZ. «Қытайдан қорқатындай негіз бар ма?» - Соңғы жылдары Қазақ қоғамында Қытайға деген көзқарас күрт нашарлап кетті. Көрші елге қатысты қалыптасқан пікір бұрындары да кіршіксіз болды деу ағаттық.

«2019. Доңыз жылына арналған жұлдызшы мен нумерологтардың болжамы» - Доңыз жылы ҚР жаңа Конституциясы қабылданып, ұлттық валютамыздың тұғыры бекіді. Биыл үшінші рет доңыз жылын тәуелсіз ел ретінде қарсы алғалы отырмыз.

QAZAQTIMES.COM. «Әзімбай Ғали: Ресей билігі Қазақстанның ішкі істеріне араласпақ» - Ресей Украинаның Қырымын аннексиялады, Шығыс Украинада  соғыс бастады, Белоруссияны қосып алғысы бар, енді Ресей Қазақстанға ауыз салмақшы. 

«Смағұл Елубай: «Бесатар» – қызыл империяға қарсы атылған оқ...» - Көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің туғанына 80 жыл толуына орай туған жері Түркістан облысында және Алматыда еске алу шаралары өтті. 

«Биліктің биылғы жұмысынан не болжауға болады?» - Жыл басынан бері Қазақстанның ішкі жағдайында да бірнеше мәрте өзгерістер мен елеулі оқиғалар жүріп отырғандығы белгілі. Елбасының сынына жан ұшыра жүгіретін министрлер биыл да талай рет талқыға түскен тақырыптарды орындауға тырысты. 

SPUTNIKNEWS.KZ «2019 жылы Қазақстанда өтетін маңызды бес оқиға» - Ұлттық халық санағы, екі әлем чемпионаты, жаһандық саммит, Жастар жылы – биыл еліміз айтулы оқиғалардың ордасына айналады


3 қаңтар 2019, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.