Атырау, 5 қазан 02:42
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Таңдау зауыттың еншісінде

1 844 просмотра

Облыстық әкімдік облысқа сұйытылған газды жеткізу барысындағы тұйыққа тірелген жағдайды түзетеміз деген үмітпен газды жеткізуші жалғыз, «газ королі» - «Стандарт-газ» ЖШС-мен серіктестікті тоқтатпақшы. Шенеуніктердің мұндай шешімге келуі мақтауға тұрарлық болғанымен, оның өкінішке қарай, бізді  тығырықтан шығаруы неғайбыл.

– «Стандарт-газ» – біздің нарықтағы газды көтерме саудамен жеткізетін бірден-бір серіктестік,- дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының бастығы Бауыржан ЖАЙСАНОВ. – Ол ойына келгеннің бәрін жасады. Сондықтан да біз қазір әкімдік, АМӨЗ және «Жайық-газ» ЖШС арасында үш жақты жаңа меморандум дайындадық. Ол- қала бойынша 4 жанар-жағар май стансасы бар жергілікті компания. Халықты қамтуға жеткілікті газ баллондары мен автотехникалары бар. Жаңа келісім-шарт талаптары бойын-ша АМӨЗ Жайық-газға  300 тонна көлемде сұйытылған газды беретін болады. Бүгінгі күні облыстың сұранысы осындай. Бізде осы уақытқа дейін табиғи газ тартылмаған шалғай аудандар бар. Олар - Азғыр аймағы, Байшонас, Қызылқоға ауданының елді мекендері. Өткен жылғы қыс олар үшін өте қиын болды. Біз «Жайық-газ» ЖШС келісім-шартқа қол қойдық, соңғы сөз АМӨЗ еншісінде.

Мәселенің түйіні мынада - әкімдік, АМӨЗ және «Стандарт-газбен» арада 2008 жылдың 5 тамызында жасалған үш жақты қолданылып отырған меморандум бар. Құжат тек үш тараптың келісімі барысында ғана жойылуы мүмкін. Біздің нарықта басымдыққа ие болған монополистің шенеуніктердің бастамасын қолдай қоймасы анық.

Өкінішке қарай, бізге «Стандарт-газ» ЖШС-нің ресми ұстанымын білуге мүмкіндік болмады, коммерциялық директоры Бағытжан ИБАДУЛЛАЕВ қоңырауға жауап бермеді.

Сондай-ақ, қолданыстағы меморандум бойынша екінші тарап – АМӨЗ жаңа құжатқа қол қоюға асығатын емес. Бізге АМӨЗ бас директорының міндетін атқарушы Қайрат ОРАЗБАЕВ былай деп жауап берді:

– Зауыт шынында да қарап, келісімге келу үшін үш тарапты меморандум жобасын алды, осы жоба талабы бойынша АМӨЗ Жайық-газға  300 тонна көлемінде сұйық газды жіберуге тиісті. Алайда қолданыстағы мерзімсіз үш жақты келісім-шарт бойынша зауыт барлық көлемді «Стандарn-газ» ЖШС-не тиесілі сұйық мұнай газын сақтау паркіне береді, одан әрі оны серіктестік тұтыныушыларға , оның ішінде Жайық-газға бөледі.

Жаңа меморандумға қол қою үшін Стандарт-газдың келісімі міндетті түрде керек. Зауыт тараптардың бірі ретінде «Стандарт-газ» ЖШС-не танысу және Атырау облысы әкімдігімен арадағы даулы мәселелерді қажеттілігіне қарай реттеу үшін меморандум жобасы туралы хабарлама жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, облыстың бұрынғы басшылары газ мәселесін қалайда шешуге тырысты, содан да болар жаңа келісім-шарт бастамасы да осыдан басталды. Алайда, көпшілік Стандарт-газдың темірбетонды ұстанымы туралы айтып жүр. Одан бөлек, жаңа әкім өзіне дейінгі басталған істі қолдап, жалғастырғысы келе ме екен, белгісіз...

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

29 тамыз 2012, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.