Атырау, 19 желтоқсан 00:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Назарбаевпен сұхбатты неге тікелей эфирден көрсетпейді?», «Президентпен сұхбаттасатын журналистерді кім таңдайды?», «Жиілеген форумның шығыны жарияланбайды», «Жыл қорытындысы: Сыртқы саясаттағы елеулі оқиғалар», «Қырымның құпия тарихы».

2 949 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Назарбаевпен сұхбатты неге тікелей эфирден көрсетпейді?» -Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше журналист және блогермен кездесіп, сұрақтарға жауап берді. Сұхбаттың видеосы телеарналардан кейінірек берілмек. Азаттық сөйлескен сарапшылар билік БАҚ-қа "тәуелсіз жеке институт емес, құрал ретінде қарайды" деп санайды.

«Президентпен сұхбаттасатын журналистерді кім таңдайды?» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен кездесті. 27 желтоқсанда жазылып, 28 желтоқсанда республикалық арналардан көрсетіледі делінген сұхбат жайлы Ақорда баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ара-тұра журналистермен кездесетін президенттің сұхбаттары қалай ұйымдастырылады? Неге президент журналистермен тікелей эфирде кездеспейді?

«Жиілеген форумның шығыны жарияланбайды» - 2018 жыл Қазақстанда түрлі тақырыптағы форумдардың көптігімен ерекшеленді. Сарапшылардың пікірінше, билік осындай шаралар, әсіресе халықаралық жиындар ұйымдастыру арқылы сыртқы имиджін жақсартуға тырысқанымен, олардың тиімділігі аса сезілмейді.

QAZAQTIMES.COM. «Жыл қорытындысы: Сыртқы саясаттағы елеулі оқиғалар» - Жыл өткен сайын халықаралық саясаттағы алпауыттар арасындағы алпарыс күшейіп келеді. Биыл да бұл көрініс күшеймесе, әлсіреген жоқ. Ресей мен Батыс елдері текетіресі, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы сияқты геосаяси мәселелер 2018 жылы жаңа деңгейге көтерілді. Көп векторлы саясат ұстанатын Қазақстанға «державалар арасындағы дауда» өзіндік таңдау жасау талабы күшейді. 

INFORMBURO.KZ. «Малайзиядағы қазақ студенттері жаңа жылды қалай қарсы алады?» - Малайзияда оқып жүрген студенттер жаңа жылды сезіне алмай жатқанын айтады. Десе де, бұл олардың шетелдегі алғашқы жаңа жылы ретінде естерінде қалмақ.

QAMSHY.KZ. «Қырымның құпия тарихы» - 1920 жылдары  Кеңес Одағы құрамында Еврей ұлттық автономиясын құру басты мәселенің бірі болды. Лениннің өзі бұл мәселені бірнеше мәрте көтереді. Тіпті түбекте толыққанды Еврей социалистік республикасын құру жобасы да болады. 

«Марғұлан Сейсембаев: Қоғамда сенім артпай, күмән сейілмей, идеология жайлы айту бекер» - Қоғамдағы идеология дауы сейілмей тұр. Қарашаның басында Астанада өткен форумда Марғұлан Сейсембаевтың идеология тұрғысында айтқандары әлеуметтің талқысына түсті. 

«Қолымды қалай кессең де өз еркің, тек жанымды алып қал» - Бір қолымен әйелдерді тәрбиелеген Әлия.

TURKYSTAN.KZ. «2018: Қазақ өнері кең өріске бет алды» - «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, 2018 жыл елдің мәдениет саласына айтарлықтай үлкен жаңалықтар әкелді. Себебі әлем үшін Қазақстан жаңа есімдерді танытты. Бұл тұста ең алдымен үлкен жетістіктерді бағындырған Димаш Құдайбергенді атап өту керек. 2017 жылы Қытайдың «Мен әншімін» жобасында Димаш Құдайберген 2-орынға ие болған еді. Сол сәтте күллі әлемді дара талантымен таңғалдырған Димаштың аты қытай жұртына ғана емес, бүкіл жаһанға тарап кетті.






29 желтоқсан 2018, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.