Атырау, 27 желтоқсан 00:42
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Алаңды кімге берген?

1 829 просмотра

Осы күнге дейін қала тұрғындары үшін шағын демалыс алаңы әрі серуендейтін саяжолболған «Атырау» мейманханасы мен «Анвар» дүкенінің арасындағы учаске (Абай алаңы) кенеттен құрылыс алаңына айналды.

Жасұлан МҰСАБЕКОВ былай деп жазады: «Бұл, шамасы, мейманхана дуалының жалғасы шығар. Бұл алаң қалаға тиесілі емес пе еді? Бірер жыл бұрын және өткен жылы оған абаттандыру жұмыстары жүргізілді, шамасы қалалық бюджет есебінен шығар. Менің бір сұрағым бар. Бұл бөлікті қала тұрғындары мен меймандарынан тартып алып пайдалануды кім ұйғарған?»

Осы сұрақты редакцияға сол жерде серуендегенді ұнататын жақын маңдағы ауданның он шақты тұрғындары мен қала тұрғындары қойған еді. Біз 18 шілдеде сауалды қалалық әкімдікке  жолдаған едік, ол жерден қалалық сәулет бөліміне түсті. Ал шенеуніктер жақ ашпай отыр.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

29 тамыз 2012, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.