QAMSHY.KZ. «Трампты тұңғиықтан алып шыққан Қазақстанның "тыңшысы" кім?» - 2018 жылдың 21 желтоқсанында америкалық Foreign Policy сайтында Майкл Хирш есімді журналист "How Russian Money Helped Save Trump’s Business" деген тақырыппен мақала жариялады. Аталмыш мақалада Трамптың бизнес жолында қандай қиындықтарды бастан өткергенін және оның құрдымға кеткен бизнесін құтқарып қалған ресейлік инвесторлармен қатар қазақстандық кәсіпкер Ариф Тевфрик туралы жазған.
«Қазақстанда идеология бар ма? Абаев Марғұлан Сейсембаевқа жауап берді» - ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың форумдағы айтқанына пікір білдірді. 2018 жылдың қарашасының басындағы форумда Сейсембаев Қазақстанда идеологияның жоқ екенін айтқан еді.
AZATTYQ.ORG. «Адам құқығы ахуалы: бір қадам алға, екі қадам артқа ма?» - Жыл аяғында құқық қорғау ұйымдары Қазақстандағы адам құқығы жағдайына қатысты мәлімдеме жасады. Олар елдегі ахуалға баға беріп талдаған. Құқық қорғаушылар жылды қалай қорытты? Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық не дейді?
«Қазақстан кедей елдердің қатарынан әлі шыққан жоқ» - Экономистер 2018 жылы теңгенің құнсыздана түскенін, әлемдік стандарт бойынша халық табысы төмендегенін айтады. Азаттық тілшісі биыл Қазақстан экономикасы қалай өзгергенін сарапшыдан сұрап білді.
«Жайықта қырылған балықтың шығыны миллиондап саналады» - Жайық өзенінен 9,9 тонна өлі балық табылды. Олар желтоқсан айының алғашқы жартысында өлген деген болжам бар. Балықтардың қырылу себебін арнайы комиссия зерттеп жатыр. Ал президентке петиция жолдаған Атырау тұрғындары жағдайды анықтауды сұрайды.
INFORMBURO.KZ. «Ұялы телефондарды міндетті тіркеу: нені білген маңызды?» -"Байланыс туралы" заңға сәйкес әрбір абонент ұялы байланыс операторына өзінің ЖСН мен құрылғының IMEI-кодын жіберуге міндетті. 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелмеген мобильді құрылғылар байланыстан ажыратылады. Телефондарды тіркеу ережесін Ақпарат және байланыс министрлігі бекітті және ол жалпыға ортақ. Қазір барлық байланыс операторлары құрылғыларды тіркеудің тәртібін жариялады.
QAZAQTIMES.COM. «The Guardian: 2018 жыл - автократтардың жылы болды» - Кеше The Guardian басылымының сарапшысы Саймон Тисдаллдың биылғы саяси тақырыптарға шолу жасай келе, 2018 жылды автократтардың жылы болды деген мақаласы жарияланды.
ABAI.KZ. «Әнуар аға жайында әңгіме» - Тағдырдың құқайын көп көрген қазақтың кедей отбасында туып-өскен, Жетісудың Талдықорған өңіріндегі Қарлығаш ауылынан ұшып, әлемнің алпыс шақты елінде болып, қазақ атты көне халықтың барын, оның әдебиеті де, өнері де, ғылымы да көне, тарихы тұнған тағлым екенін перзенттік ұлы сезіммен жеткізіп айта білген, өкшесін басқан іні-қарындастарына сөзімен де, шығармаларымен де үлгі-өнеге болған Әнекеңнің «Литературная газета» мен «Правда» газетінің Қазақстан мен Орта Азиядағы меншікті тілшісі қызметіне қоса мемлекет, қоғам қайраткері ретінде атқарған бір тарихи ісі - 1991-жылғы желтоқсанның 26-сында КСРО-ның ыдыратылғаны жөніндегі қаулыға қол қойғаны екенін, әрине, білесіңдер. Сол жылдың күзінде КСРО халық депутаттарының бірінші құрылтайы шақырылды ғой.