Атырау, 27 желтоқсан 00:25
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Венесуэланың мұнай өңдеуші зауытындағы өрттің аумағы ұлғаюда

4 007 просмотра
Венесуэланың солтүстігіндегі Амуай портына жақын жердегі Парагуана түбегінде орналасқан мұнай өңдеуші зауыттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 48-ге жетті.
«Интерфакс-Казахстан» хабарлағандай, өрт аумағы ұлғаюда және жарылыс болған уақыттан тәулік өткеннен кейін мұнайы бар ыдыстың үшіншісі де өртенді. Оппозиция жағынан Венесуэланың президенттігінен үміткер Энрике Каприлес болған оқиғаға Уго Чавес үкіметін айыптады. Ал үкімет болса әзірге жарылыстың себебін анықтай алмай отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде Венесуэланың ірі мұнай өңдеуші зауытында газ жарылған болатын. Соның салдарынан 209 ғимаратқа зақым келді, оның ішінде Ұлттық гвардияның казармасы да бар. Қаза тапқандар ішінде міндеттеріне кешенді күзету кіретін 18 ұлттық гвардияшы да болды. Кейбірінің казармада тұрған отбасы мүшелері де қаза тапты. Оқиғадан кейін кәсіпорынға жақын орналасқан Пунто-Фихо қаласының ауруханасына ондаған адам жеткізілді.
Дереккөз: 1tv.kz
28 тамыз 2012, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.