Атырау, 16 желтоқсан 19:07
Түнде бұлыңғыр болады+1, таңертең +1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.63  € 427.98  P 6.08

«2018: Қазақ спортшыларының бір жылы», «Маңғыстауда сарбаз өліміне қатысты сот үкімі шықты», «Зейнетақы жүйесінің мәселесі талқыланды», «Оралда қырылған балықтан миллиондаған шығын келмек», «Алаштың қазіргі шамшырағы – Сабыр Қасымов».

27 желтоқсан 2018 10:07

INFORMBURO.KZ. «Биыл ипотекаға пәтер алу жеңілдей түсті. 2019 жылы жылжымайтын мүлік нарығы қалай өзгереді?» - Informburo.kz тілшісі Қазақстан ипотека нарығының биылғы өзгерістерін талдап, қазақстандықтар үшін қай банктегі қандай бағдарламаның тиімді екенін анықтады.

«2019 жылы пәтер иелері кооперативі МИБ болып ауысады. Одан қарапайым тұрғынға не пайда?» - Енді ПИК (орысша КСК) орнына мүлік иелері бірлестігі (МИБ – ОСИ) келеді. "Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот" қағидасынан тұрғындар не ұтады? Соны талдаймыз?

AZATTYQ.ORG. «Оралда қырылған балықтан миллиондаған шығын келмек» - Орал өзенінен 9,9 тонна өлі балық табылды. Олар желтоқсан айының алғашқы жартысында өлген деген болжам бар. Балықтардың қырылу себебін арнайы комиссия зерттеп жатыр. Ал президентке петиция жолдаған Атырау тұрғындары жағдайды анықтауды сұрайды.

«Маңғыстауда сарбаз өліміне қатысты сот үкімі шықты» - Ақтау гарнизонының әскери сотында "Үстірт" шекара бекетінде көз жұмған сарбаз өліміне қатысты сот үкімі оқылды деп хабарлайды Қазақтанның әскери соты. Сот шекара бекетінің бес қызметкерін түрлі мерзімге соттаған.

«Заңгер әкімдіктен түтінге қарсы шара қабылдауды талап етеді» - Алматылық заңгер Әлнұр Ильяшев шенеуніктерден атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтарды азайту міндетін орындауды талап етіп, қалалық әкімдікпен соттасып жатыр. Қала билігі экологиялық жағдайды жақсартатын шараларды атқарып жатқанын айтады.

ABAI.KZ. «Емшілікке талас көп» - Ауырмайтын адам жоқ. Ал ауыра қалған жан дертіне шипа іздеп тезірек сауығуды ғана ойлайтыны белгілі. Бірақ алынбас қамалдай дес бермейтін дерттер де кездеседі. Ондайда ауруы жанына батқан адам, амал жоқ, дәстүрлі ем-дом жолдарын іздейді. Соның бірі – табиғи шөптермен емдеу жолы. Алайда адам табиғатына оңтайлы осы амалдың өзі бұл күндері сенімге селкеу түсіре бастаған көрінеді. Оның себебі неде? Сенімсіздіктен гөрі қауіптіліктің де бел алуы мүмкін бе?

QAMSHY.KZ. «Алаштың қазіргі шамшырағы – Сабыр Қасымов» - Қай қоғамда болмасын «көзге көрінбейтін» лидерлер болады. Бірақ, олардың ұлт үшін, ұрпақ үшін жасап жатқан дүниелерін көріп, қандай мақтауға да лайық екенін мойындайсыз. Дардай атағы болса да ол адамдар туралы толыққанды мәліметті Google-дан да таба алмайсыз.

TURKYSTAN.KZ. «2018: Қазақ спортшыларының бір жылы» - 2018 жыл Қазақ спортшылары түрлі додаларда бақ сынады. Жеңісі мен жеңілісі қатар жүретін спорт ‒ біздің батырларды да несібесіз қалдырған жоқ. Талай тарлан спортшылар жарқырап танылса, біршама мықтыларымыз өз карерасын аяқтап елді таң тамаша етті. Қазақ спортында бір жыл ішінде қандай өзгеріс болды? 

AIKYN.KZ. «Зейнетақы жүйесінің мәселесі талқыланды» - Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиын барысында қатысушылар 20 жыл ішінде жүзеге асқан жұмыстарға көз жүгіртіп, сын-тегеуріндер мен жүйенің даму келешегін талқыға салды. 



Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1397 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4