Атырау, 27 желтоқсан 01:16
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«Ақ үйдегі» тексеру

2 705 просмотра

Облыстық әкімдіктегі қызметкерлер арасындағы дереккөздеріміз бұрынғы әкім Б.РЫСҚАЛИЕВ командасының қаржылық-шаруашылық істеріне қатысты ірі тексеру жүріп жатқандығы жайлы алдында жарияланған біздің ақпаратты («Ақ үйдегі» прокурорлар) тағы да және әлдеқайда сенімді түрде растады.

Алайда, Бас прокуратура мен экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес агенттігінің орталық аппаратының өкілдері баспасөзге олардың водомостволары Атырауда ешқандай тексерулер жүргізіп жатпағанын хабарлаған болатын. Ал бірнеше жергілікті мемлекеттік қызметкерлер керісінше айтып отыр: ревизияны дәл осы екі ведомоствоның Астанадан келген қызметкерлері жүргізіп жатыр. Одан бөлек, олардың қатары көмекке келгендермен толықты. Егер Бас прокуратураның қызметкерлері енді өз күштерімен жұмыстанса, астаналық қаржы полициясына атыраулық әріптестері көмектесуде, бірақ олар «жергілікті жерді білетін болғандықтан» негізінен көмекшілер ретінде жұмылдырылып отыр.

Тексерушілердің негізгі тобы біз жазып өткендей, әкімдіктің 6-қабатында орналасқан. Сонда болып көрген облыстық әкімдіктің қызметкерлері тергеушілердің үстелдері «Атыраубалық» пен «Жайық балыққа» қатысты, құрылыс, коммуналдық шаруашылық бойынша, әр түрлі тендерлерге қатысты бума қағаздармен үйілген дейді.

Көптеген қаржы құжаттары тексерілуде. Сондай-ақ, тексеру облыстық ауыл шаруашылығы мен басқа да басқармаларда жүргізілуде. Көптеген бөлімдердің бастықтары ревизорлардың жаңадан сұратқан құжаттарын тауып беріп, астаналық ревизорларға өз креслоларын уақытша босатқан.

«АЖ» редакциясы

Облыстық әкімдіктегі прокурорлар және құжаттарды шығарып жатқан сәт,

24 тамыз 2012 ж. 

27 тамыз 2012, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.