Қазақстанда Конституция күнін тойлауға байланысты демалыс күні қолданыстағы «Мерекелер туралы» заң бойынша басқа күнге ауыстырылмайды.
«Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады», - деп көрсетілген «Мерекелер туралы» заңның 5- бабында.
Осы бапта демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады деп көрсетілген. Қазақстанда Конституция күні - 30 тамыз мемлекеттік мереке болып табылады. Биыл ол бейсенбіге сай келеді, демек, демалыс күндері ауыстырылмайды. Сондықтан біз бір күн демалып, келесі күні қайтадан жұмысқа шығамыз.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау +4