Атырау, 19 желтоқсан 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Путин мен Лукашенко неге келісе алмады?», «Қазақстан Ресейді қолдаудан алдына жан салмай тұр», «Үшінші дүниежүзілік соғыс өрті қайда тұтанады?», «Марғұлан Сейсембаев: Атқа міндім, ажалға міндім», «2018 жылы әлемді өзгерткен он жаңалық».

2 908 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Путин мен Лукашенко неге келісе алмады?» - 25 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенко кездесті. Төрт сағатқа созылған келіссөз жабық есік жағдайында өткен. Кейінірек екі ел басшыларының жаңа жыл алдында "шегеруге болмайтын" мәселе бойынша тағы кездесетіні белгілі болды. Сарапшылар "екі ел президенті қандай мәселеде келісе алмады?" деген сұраққа жауап іздейді.

QAMSHY.KZ. «Үшінші дүниежүзілік соғыс өрті қайда тұтанады?» - Әлемдік БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде соңғы уақытта Үшінші дүниежүзілік соғыс өртінің тұтануы мүмкін екендігі өте көп айтылып жүр. Шетелдік сарапшылар, саясаттанушылар мен ғалымдар оның қай жерден бастау алып, қандай себептері бар екендігін де өздерінше тізбектеуде. Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-та жарық көрген түрлі сарапшылардың пікірін оқырман назарына ұсынады.

«Марғұлан Сейсембаев: Атқа міндім, ажалға міндім» - Марғұлан Сейсембаев – еліміздің белгілі кәсіпкері, инвестор.1990 жылдары «Сеймар» компаниясының негізін қалады, Альянс банк пен «Картел» (К-мобайл) компаниясын басқарды.

«Назаровтардың назарына: "Әлемнің әлде кішігірім тұжырымның чемпионысыздар ма?"» - Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бейбіт Назаров жеңіл салмақта Titan FC уақытша чемпиондық белбеуі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды. Алматыда өткен турнирдің басты жекпе-жегінде отандасымыз америкалық Мартин Браунға есе жіберді.

 ABAI.KZ. «"Ворошилов атқышы" һәм қазаққа сабақ» - Иә, орыстың "Ворошилов атқышы" фильмін көрмеген адам жоқ болар. Бұл фильм өзінің рухани мықты саясатымен дүниеге келді, және биік тұғырдан көрінді. Бұл киноны түсіруге арқау болған қандай себеп екен? Бұл фильм күллі орыс атаулының артын жапты.

«Қазақстан Ресейді қолдаудан алдына жан салмай тұр» - 1991 жылы тараған КСРО-ның көне жұртында ынтымағы жарасып үш ел отыр. Ошақтың үш бұтындай болған Ресей, Беларусь, Қазақстан елдері бірлесіп халықарада Мәскеудің сойылын соғып жүргені жасырын емес.

AIKYN.KZ. «Ақша. Кредит. Саясат» - Қаржылық реттеуші жаңа жылдағы басты нысанасын белгіледі. Ұлттық банк басқармасы Қазақстанның ақша-кредит саясатының 2019 жылға арналған негізгі бағыттарын мақұлдады. Құжатта инфляцияның қай дәлізге «қамалуға» тиістігі, валютаның айырбас бағамының қалаулы деңгейі, жағдайы жақсы банктерді одан сайын жақсарта түсу қамы, сондай-ақ базалық мөлшерлеме, стерилизация, валюталық своп және басқа да қаржыгерлер құныға, қызыға қадағалайтын жайттар айқындалады.

ULT.KZ. «Тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болады?» - «Қазақстанда көптеген аурулармен ауыратын науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде жүзеге асырылады. ҚР Денсаулық сақтау министрінің жаңа бұйрығына сәйкес, халық аурудың 45 түрлі  тобы бойынша 274 түрлі дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі. Дәріні учаскелік немесе салалық дәрігер жазып береді. Ал, тегін дәрі беретін дәріханалардың тізімін емханадан сұрап білуге болады», - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Забира Оразалиева.

QAZAQTIMES.COM. «2018 жылы әлемді өзгерткен он жаңалық» - Әлем жыл сайын емес, сағат сайын түрленіп, адамзаттың өмірін түбегейлі өзгертіп даму үстінде. Жыл сайын ғылыми-техникалық революциялар жасалып, тарих беттерінен ойып орын алған оқиғалар да аз емес. Мұнда 2018-дің де өз үлесі бар. Сол себепті, біз бүгін 2018 жылы әлемді өзгерткен 10 жаңалыққа шолу жасап көрдік. 


26 желтоқсан 2018, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.