Атырау, 30 қараша 19:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 459.06
€ 503.77
₽ 5.16

Шымкентте ВИЧ-ке шалдыққан балалар сүндетке отырғызылды

2 539 просмотра

Шымкентте ВИЧ-ке шалдыққан алты бала сүндетке отырғызылды. Оны облыстық балалар ауруханасының хирургтері жасады. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде.

1tv.kz тілшісі хабарлағандай, балаларға ота тегін жасалды. Сондай-ақ балалар Оңтүстік Қазақстан Денсаулық сақтау департаменті тарапынан сыйлықтарға ие болды. 2008 жылдан бері ВИЧ-ке шалдыққан 57 бала сүндетке отырғызылған. Бүгінгі күні «Ана мен бала» мемлекеттік оңалту орталығының диспансерлік есебінде ВИЧ-ке шалдыққан 209 бала тұр.

Биыл сүндеттелуден басқа, ВИЧ-ке шалдыққан балалар «Бургулюк» және «Сарыағаш» санаторийлерінде тегін емделу мүмкіндігіне ие болды. 280 жолдама бөлінді.

Еске сала кетейік, бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Қазақстанда 126 бала ауруханаішілік жағдайда ВИЧ-вирусын жұқтырған болатын.

Дереккөз: 1tv.kz

27 тамыз 2012, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.