Атырау, 16 желтоқсан 18:13
Түнде бұлыңғыр болады+1, таңертең +1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.63  € 427.98  P 6.08

«Әлеуметтік желіні бақылаудың артында не тұр?», «Зейнетақы қаржысы қашанғы жұтыла бермек?», «2018 жыл. Елді елең еткізген елеулі оқиғалар», «Қытайдың қажеттілігін экономикамызды өркендетуге пайдаланатын кез келді», «Жапония жанталаса қаруланып жатыр...».

25 желтоқсан 2018 10:12

INFORMBURO.KZ. «Қытайдың қажеттілігін экономикамызды өркендетуге пайдаланатын кез келді» - "Жібек жолы" қоры кірісінің жекелеген түрлерін салық салудан босату туралы Қытаймен келісімді Қазақстан парламенті ратификациялады.

AZATTYQ.ORG. «Әлеуметтік желіні бақылаудың артында не тұр?» - Қазақстан Ақпарат және коммуникациялар министрлігі "ұлттық ақпараттық кеңістікті бақылайтын автоматтандырылған жүйенің" әзірленіп жатқанын мойындады. Бірақ министрлік бұл жүйеге Ресейдің қатысын жоққа шығарды. Сарапшы осы әрекетті "билік транзитіне дайындық" деп санайды.

«Көкжайлауды қорғауға арналған Kоk-Jaılıaý basqosý шарасы басталды» - Алматыда әкімдік ұсынған "Көкжайлау" тау курорты жобасына қарсы азаматтар Kоk-Jaılıaý basqosý шарасының бірінші отырысын өткізіп, жобаны тәуелсіз талқыға салды. Барлығы осындай үш кездесу өткізу жоспарланған.

QAMSHY.KZ. «2018 жыл. Елді елең еткізген елеулі оқиғалар» - Биыл қандай оқиғалар қоғамның қызу  талқысына түсті? Халықтың жадында 2018 жыл нендей жаңалықтармен есте қалды? Qamshy.kz ақпарат агенттігі ағымдағы жылдың айтулы оқиғаларының тізімін оқырмандар назарына ұсынады.

«Жапония жанталаса қаруланып жатыр...» - Бұрын қарулануға аса мән бере бермейтін Жапония қазір алаңдаулы. Мұның себебі де бар шығар. Өйткені осы аймақта әлі де қауіп бар. Себебі, бүкіл әлем, әсіресе Жапония Солтүстік Кореяға қарап алаңдайды. Әзірге солтүстіктегі кәрістер ядролық сынақ жасауды тоқтатса да, бірақ қатер азаймай отыр. Сондықтан да болар, Жапония алдағы уақытта әскери мақсатқа, әсіресе елді қаруландыруға қомақты қаржы бөлетінін жария етті.

«Мағжанның “Түркістанында” неге  Қожа Ахмет Яссауи жоқ?» - Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 1923 жылы жазылған атақты «Түркістан» өлеңі Алаш баласының бәріне мәлім десек артық айтпаймыз. Бұл ғажап өлең Мағжанның Шығыстық өлеңдерінің шыңы, Тұрандық өлеңдерінің туы! Дәл осы өлеңі Мағжанды «түрікшілдікпен айыптатып, пан-түркизмді жырлаушы» деп жауларының қолына сойыл-шоқпар ұстатқан туындысы.

«Аружан Саинды сынауға болмайтындай, ол құдай ма еді?» - Әлеуметтік желіде Аружан Саинның қайырымдылық қоры дау астында қалды. Мұның себебі – оның қорында қызмет атқаратын адам 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына белсене қатысты. Алайда қазақ жастарымен бірге болған жоқ, керісінше оларды жаншып, сабағандардың қатарында болды.

«Жанкүйерлердің таңғажайып оқиғасы. "Өлер алдында Димашты көрсем, арманым жоқ"» - "Димашта бір тылсым күш бар..." Бұл сөзді танымал ресейлік композитор Игор Крутой Кремльдегі концерттен кейін айтқан. Игор Крутой айтқан тылсым күш сол, Димаш өз жанкүйерлерімен космос арқылы тілдесе алады. Димаштың дауысына әлемдегі миллиондаған, тіпті миллиардтаған адамдардың ғашық болуының себебі де осы тылсым күшпен байланысты шығар кім білсін?! Лондондағы концерттің видеосы жарияланнан кейінгі пікірлер бұл сөздің түп-төркінін түгел түсіндірді. Димаштың өнеріне табынған шетелдік жанкүйерлердің қызықты әрі таңғаларлық оқиғаларын Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

QAZAQTIMES.COM. «Зейнетақы қаржысы қашанғы жұтыла бермек?» - Бірнеше күн бұрын Қазақстанның Ұлттық банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 450 миллиард теңгенің «ҚазАгро» холдингіне салынатынын мәлімдеді. Бұл процесті Ұлттық банк «айналыс мерзімі 15 жылдық облигацияларына нарықтық талаптармен және жылдық 10 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен инвестицияланады» деп әспеттейді. 


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1604 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4