Атырау, 27 желтоқсан 01:29
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Тынық мұхитындағы жер сілкінісінен кейін Солтүстік және Орталық Америкаға цунами қаупі төніп тұр

4 640 просмотра

АСТАНА, 27  там – Қазақстан жаңалықтары АА.  Американдық  сейсмологтар дүйсенбі таңертең Сальвадор жағалауында болған  жер сілкінісінен кейін  цунами қауіпі туралы дабылдық ескерту  жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

Цунами қауіпі туралы ескертетін Тынық мұхит орталығы  (АҚШ, Гавайи) толқын  Коста-Рика, Никарагуа, Сальвадор, Гондурас, Гватемала, Панама және Мексика жағалауларына қауіп төндіруі мүмкін екені  туралы хабарлады.

Дүйсенбіде Сальвадор жағалауындағы Тынық мұхитта 7,4 магнитудалық жер сілкінісі болды. Оның ошағы  Усулутан қаласынан оңтүстікке қарай 125 шақырымда орналасқан.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

27 тамыз 2012, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.