Атырау, 18 қаңтар 17:24
Кешке ашық-9, түнде -9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.60  € 429.06  P 5.66

«Қараусыз мұнай ұңғымаларынан қауіп төніп тұр», «ГУЛАГ-ты еске салатын Шыңжаңдағы "тәрбие лагерьлері"», «Құрметтің құны түсті. «Мәдениет саласының үздігі» кімдерге берілуде?», «Татарстанда Қытайдың мұсылмандарға қатысты саясатын айыптады».

24 желтоқсан 2018 10:20

AZATTYQ.ORG. «Қараусыз мұнай ұңғымаларынан қауіп төніп тұр» - Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Қаратөбе кен орны он жылдан бері игерілмей бос жатыр. Осы аралықта авариялық ұңғымалардан әр кезде аққан мұнай топырақты ластаған. Ал жерге сіңіп үлгермеген бөлігін билік өкілдері бос резервуарларға құйып қойған. Тұрғындар иесіз кеніштегі ұңғымалардан мұнайдың әлі де тоқтаусыз ағып жатқанын айтады. Жергілікті билік те мұны жоққа шығармайды.

«Татарстанда Қытайдың мұсылмандарға қатысты саясатын айыптады» - Бүкілтатарлық қоғамдық орталық (БТҚО) "Қытайдағы мұсылмандар геноциді туралы" мәлімдеме таратты. Ұйым Шыңжаңда "ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар, татарлар, дүнгендер мен өзге де мұсылман халықтары геноцидке ұшырап", "Қытай өз аумағында ислам діні мен түркі халықтарына қарсы ашық соғыс жариялаған" деп мәлімдеген.

«ГУЛАГ-ты еске салатын Шыңжаңдағы "тәрбие лагерьлері"» - Батыс баспасөзі Шыңжаң "лагерьлеріндегі" тұтқындарды мәжбүрлеп жұмысқа салатыны, олар өндірген тауарлардың АҚШ-қа тасымалдануы мүмкін екені туралы жазған. Сонымен бірге, Семей полигонының "ұмыт болған құрбандары" мен Қазақстанда жасыл энергияны алуда кездесетін кедергілері жайлы материалдар жариялаған.

«Түркіменстан президентінің "репертуары" тағы бір әнмен толықты» - Жаңа жылдық мереке кешінде Түркіменстан президенті немересімен бірге үш тілде ән шырқады. Президент бұған дейін де көпшілік алдында "шығармашылығымен көзге түскен".

DALANEWS.KZ.  «Құрметтің құны түсті. «Мәдениет саласының үздігі» кімдерге берілуде?» - Көпке топырақ шашпаймын, айтар ойымның еліне еңбегі сіңген, халқы құрметтеп, силы төрін ұсынып  жатқан зиялы қауымына, силы азаматтарына еш қатысы жоқ.

TENGRINEWS.KZ. «Сапалы ойыншықты қалай таңдау керек?» - Жаңа жыл қарсаңында балалардың денсаулығына қауіпсіз әрі сапалы ойыншықтарды қалай таңдау керек? Бұл туралы Астанадағы Қоғамдық денсаулық сақтау мамандары айтып берді, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

TURKYSTAN.KZ. «Қалтай Мұхамеджанов: Абайы бар қазақ адаса қоймас» - Байқаңдар, ағайын, халық тарихы – киелі ғимарат. Оның есігін адал пейіл, ақ жүрекпен ашыңдар.

EGEMEN.KZ. «Басшы білмегенді қосшы қайдан біледі?» - Жастарды жұмыспен қамту, оларды жұмысшы мамандықтарына оқыту мәселесі бүгінде өзекті. Елбасы әрдайым бұл жайында айтып келеді. Барлық деңгейдегі әкімдер есеп бергенде де қаншама адамның жұмысқа орналасқанын мәлімдеп жатады. 


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

876 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет