Атырау, 27 желтоқсан 01:02
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

77 адамды атқан Андерс Брейвик 21 жылға сотталды

2 452 просмотра

Андерс Брейвик сот үстінде. ©AFP фотосуреті.Норвегия соты Андерс Брейвикті есі дұрыс деп тауып, осы елдің заңнамасында қарастырылған ең үлкен мерзім – 21 жылға соттады.

Lenta.ru хабарлағандай, сот аталған мерзімді өтеген соң Брейвик қоғам үшін әлі де қауіпті деп танылса, тәртіп сақшыларының қарауында болатынын айтты. Бір қызығы, айыптап отырған тарап Брейвиктің есі дұрыс емес деп тануларын талап етті, мұндай жағдайда ол емделуге жіберілетін еді. Қорғаушы жақ пен норвегиялық азаматтың өзі соттың өзін психикалық жағынан сау деп мойындауына жеткізді. Андерс Брейвиктің норвегтік «Ила» түрмесіндегі мерзімі белгілі болды. Ол жерде сотталушыға арнайы бұрыш жасаған. Оған үш бөлме – жатын бөлме, кабинет, спорттық зал, сонымен бірге шанышқыш сыммен қоршалған бетон қабырғалары бар аула берген. Бұл түрмеде Брейвик бір жыл бойы жатыр.

Естеріңізге салайық, 2011 жылдың 22 тамызында Андрес Брейвик екі лаңкестік әрекет ұйымдастырған. Әуелі ол Осло Үкіметінің үйін жарып, содан соң Утойя аралын басқаратын партияның жас лагеріне қатысушыларды атып тастаған. Оның қолынан қаза тапқандар саны 77 адамға жеткен. Брейвик өзі жасаған қылмысты толығымен мойнына алды, тіпті осы әрекеттерімен Норвегияға мұсылмандардың таралуына қарсы тұрғым келді деген саяси мәлімдеме жасамақ болған.

Дереккөз: 1tv.kz

24 тамыз 2012, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.