Атырау, 27 желтоқсан 00:58
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Депутаттардың ашық хаты туралы

2 594 просмотра

Кеше жаңадан ашылған www.otannews.com сайтында және әзірге тек бейресми билік басылымдарында пайда болған осындай хатты жазуға жеке тұлға ретінде әрбір қол қоюшының  құқығы бар. Бірақ жекелей. Егер хатқа Атырау облысының жергілікті депутаттары мен мәжілісмендерінің көпшілігі қол қойған болса, бұл бүкіл аймақтың билік тұтқасындағылар саяси ұстанымдарын білдіріп отыр деген сөз. Егер олар бүкіл атыраулықтарды – жасын да, кәрісін де «күш біріктіруге» үндесе, облыстың бүкіл саяси элитасы денсаулығына байланысты елбасы отставкаға жіберген тұлғаны қорғауға аймақтың бүкіл халқын жұмылдыруға дайын және жұмылдыра алады дегенді білдіреді. Отставкаға кеткен облыс әкімі Б. Рысқалиевты көптеген депутаттар мен халықтың осылайша бірауыздан айбаттана қолдауы осы саяси тұлғаға қатысты президенттің кадрлық шешімінің дұрыстығын автоматты түрде дүдәмал етіп отыр. Президент шешіміне шүбә келтіріп қана қоймай, орталық биліктің шешіміне қарсы бола алатын жергілікті элитаның күшін паш етуде.

Еліміздің құқыққорғау органдары президент аз уақытқа жоқ болған кезде (Қырғызстанға сапары) өздіктерімен ешқандай әрекет жасай алмайтындықтарын, өздерінің бірінші басшыларының айқын ұстанымының жоқтығын көрсетті. Енді көпшілік арасында бұл органдардың президент болмаған жағдайда мемлекеттік төңкеріс әрекеттеріне қарсы тұруға қабілетті екендігіне күмән пайда болды.  

Осылайша, жалпы орталық биліктің әлсіздігі және жергілікті элитаның өздерін және халықты өз беттерімен таңдаған мақсатқа (бүгінде - отставкадағы шенеунікті, ертеңгі күні – шетел капиталының итаршысын қорғауға) жұмылдыруға дайын екендігі елдің жікке бөлінуіне қауіп төндіреді.

«АЖ» редакциясы

24 тамыз 2012, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.