Атырау, 3 тамыз 10:19
 дождьВ Атырау +22.1
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Оқушылардың ҰБТ-ның шекті деңгейінен өте алмауына біліктілік деңгейі төмен мұғалімдер де жауап береді

4 408 рет қаралды

АСТАНА.  24 тамыз. ҚазАқпарат - Оқушылардың ҰБТ-ның шекті деңгейінен өте алмауына біліктілік деңгейі төмен мұғалімдер де жауап береді.

Бүгін Астанадағы «Білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» республикалық педагогикалық тамыз конференциясында  Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай айтты.  

«Келесі мәселе - мұғалімдердің біліктілік және кәсіби міндеттерді орындау деңгейінің төмендігі. Заңнамаға сәйкес мұғалімдер Мемлекеттік  білім беру стандарты талаптары бойынша  білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз етуге міндетті. Сондықтан оқушылардың ҰБТ-ның шекті деңгейінен өте алмауына біліктілік деңгейі төмен мұғалімдер де жауап береді. Бұл - мектеп әкімшілігі, аудандық, қалалық білім бөлімдері, облыстық білім басқармалары жұмысының әлсіздігін көрсетеді»,-деді министр.
Осыған байланысты Б. Жұмағұлов мектепке дейінгі және орта білім департаменті облыстық білім басқармаларымен бірлесіп,
әрбір аймақтағы ҰБТ қорытындыларын жан-жақты талқылауды, тиісті шаралар қабылдауды, білім сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, қабылдауды жүктеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

24 тамыз 2012, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.